
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі кеме қатынасының қауіпсіздігін, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2026 жылға арналған флоттағы авариялардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.
Аталған құжат көліктік оқиғалар санын азайтуға, флотты, оның ішінде шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуына бағытталған.
Жоспарда су көлігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуына бақылауды күшейту, кемелердің командалық құрамының және шағын көлемді кемелерді басқарушылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, кеме иелері мен пайдаланушы ұйымдар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ авариялардың себептерін талдау және олардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау көзделген.
Бекітілген іс-шараларды іске асыру флотты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға, кеме қатынасы тәртібін нығайтуға және авариялық жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Анықтама:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеме тізілімдерінде 270 теңіз кемесі, 802 өзен кемесі және 20 мыңнан астам шағын көлемді кеме тіркелген.