Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ИКАО аудитінің қорытындысы бойынша марапатталды

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ИКАО аудитінің қорытындысы бойынша марапатталды

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату бойынша жүргізілген аудитінің нәтижесінде Қазақстан ИКАО-ның халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ды көрсетті. Бұл нәтиже 2017 жылғы 83% көрсеткіштен едәуір жоғары болып, Қазақстанға авиациялық қауіпсіздік бойынша халықаралық талаптарға сәйкестік деңгейі ең жоғары әлемнің үздік 20 елінің қатарына енуге мүмкіндік берді.

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі және аудитті дайындау мен өткізу жұмыстарын үйлестірудегі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің атынан Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевқа алғыс хатты Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев табыс етті.