
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Аппарат басшысының бұйрығымен Нестай Елдос Ғабидоллаұлы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Нестай Елдос Ғабидоллаұлы 1993 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылында туылған.
Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті теміржол көлігі басқармасының сарапшысы лауазымынан бастаған.
2017-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің бас сарапшысы болып қызмет атқарған.
2020-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің Жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы қызметін атқарды.