
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Азаматтарды қабылдау орталығында Ақмола және Ақтөбе облыстарының азаматтарын жеке қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар министрге теміржол инфрақұрылымына қатысты ұсыныспен жүгінді. Аталған ұсыныс назарға алынып, алдағы уақытта жұмыс барысында ескерілетін болды.
Сонымен қатар, азаматтар ерекше қажеттіліктері бар балаларға әуе билеттерін алу мәселесін көтерді. Аталған сұраққа отандық әуекомпаниялардың ішкі әлеуметтік саясаты шеңберінде ұсынылатын жеңілдіктер туралы ақпарат берілді.
Барлық өтініштер бойынша қажетті түсініктемелер беріліп, Министрліктің бақылауына алынды.