Көлік министрлігі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіби бағдар беру жұмысын жалғастыруда

Көлік министрлігі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіби бағдар беру жұмысын жалғастыруда

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тараз қаласындағы №67 орта мектептің 9–11 сынып оқушыларымен «Көлік әлемі: болашақ өз қолыңда» тақырыбында кездесу өтті.

Вице-министр өз сөзінде:
«2030 жылға дейін көлік саласында авиация, теміржол, автомобиль жолдары және логистика бағыттары бойынша ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгіннен бастап ертең сұранысқа ие болатын мамандықты таңдауға мүмкіндік бар: инженер, әуе диспетчері, цифрландыру саласының маманы, тасымалдау менеджері немесе көлік қосымшаларын әзірлеуші» атап өтті.

Кездесуге ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері де қатысып, жол саласы, авиация және теміржол көлігі бойынша мамандықтардың ерекшеліктері жөнінде ақпарат берді.

Оқушылар көлік саласына жасанды интеллекттіні енгізу және болашағы зор мамандықтар туралы сұрақтарға ерекше қызығушылық танытты.