
2025 жылғы 11 желтоқсан күні ҚР Көлік вице-министрі Тайжанов Жәнібек Жұмаұлы Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Күн тәртібінде ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.
Кездесу сағат 10:30-да Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығы» ғимаратында өтеді, мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 18/2.
Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін телефон: +7 707 808 60 70 (Дәулет Сәмбетбаев).