Қазақстанда жолаушылар әуетасымалдарының өсуі байқалады

Қазақстанда жолаушылар әуетасымалдарының өсуі байқалады

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша әуе көлігімен 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Министр бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артық екенін атап өтті. Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау кезіндегі негізгі цифрлық құрал – e-Freight жүйесі. Бүгінгі таңда жүйені елдің барлық әуежайлары мен авиакомпаниялары пайдаланып отыр. Бұл IATA халықаралық стандартына сәйкес келеді.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар импорттық және экспорттық кедендік декларация, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бойынша интеграциялық жұмыстарды пысықтауда. Бұл бизнес-процестерді толық автоматтандыруға мүмкіндік береді»,

— деді Нұрлан Сауранбаев.