Қазақстандағы БҰҰДБ өкілі Министрлік қызметкерлеріне дәріс өткізді

Қазақстандағы БҰҰДБ өкілі Министрлік қызметкерлеріне дәріс өткізді

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы өкілі Көлік министрлігі мен өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері үшін харассменттің алдын алуға және қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыруға арналған бірлескен дәріс өткізді.
Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы бекіткен Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары шеңберінде өтті.

Семинардың мақсаты: Мемлекеттік қызметшілердің гендерлік кемсітушіліктің нысандары мен көріністері туралы хабардарлығын арттыру, оның алдын алу дағдыларын дамыту және әйелдер үшін кәсіби қызметте тең жағдай жасау.