Азаматтарды қабылдау орталығында көлік саласының өзекті мәселелері бойынша жеке қабылдау өтті

Азаматтарды қабылдау орталығында көлік саласының өзекті мәселелері бойынша жеке қабылдау өтті

Азаматтарды қабылдау орталығында Көлік министрінің м.а. Мақсат Қалиақпаров Астана, Алматы қалалары мен Абай облысының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Тұрғындар инватакси қызметінің көрсетілуі, әуе және теміржол қатынастарының қолжетімділігі, сондай-ақ өңірлерде көліктік бақылауды күшейту мәселелері бойынша жүгінді.

Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар мен түсіндірмелер берілді. Барлық көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.