Қазақстандық терминалдар БҰҰ ЭСКАТО-ның құрғақ порттар жөніндегі үкіметаралық келісімінің тізіміне енгізілді

Қазақстандық терминалдар БҰҰ ЭСКАТО-ның құрғақ порттар жөніндегі үкіметаралық келісімінің тізіміне енгізілді

Бангкок қаласында (Тайланд) БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) «құрғақ порттар» жөніндегі Жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Dostyk Trans Terminal терминалы мен GLOBAL CITY сауда-логистикалық кешенін ЭСКАТО-ның құрғақ порттар жөніндегі Үкіметаралық келісімінің тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл шешім Қазақстанның БҰҰ-ның ресми инфрақұрылымдық карталарындағы көрінісін кеңейтіп, елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.