Осы аптада, сәрсенбі және бейсенбі күндері Елордада «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» ұйымдастырған «Жолдар және инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Екі күндік іс-шараға 20-дан астам елдің сарапшылары мен ғалымдары, ҚР Көлік министрлігінің, сондай-ақ отандық және дүниежүзілік Жолшылар қауымдастығының басшылары қатысады.
Конференция барысында қатысушылар үш сессияның тақырыптарымен таныса алады: «Қауіпсіз жолдар – стандарттар мен сапаны бақылау, инновациялық шешімдер», «Интеллектуалды көлік жүйелері және саланы цифрландыру», «Жолдарды және көлік инфрақұрылымын қысқы күтіп-ұстау – ғылымнан практикаға».
Сессияларда осы бағыттар бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапаны бақылау, жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру және көлік инфрақұрылымын тиімді әрі тұрақты ету мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар, конференция аясында «Көлік инфрақұрылымының экологиялық аспектілері: декарбонизация және өнеркәсіптік қалдықтар» атты байқаудың финалы өтеді, қатысушылар жол саласының экологиялық тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған әзірлемелерін ұсынады.
Аккредитациядан өту және қосымша ақпарат алу үшін:
8 778 673 78 03 (WhatsApp)
«ҚазжолҒЗИ» АҚ баспасөз хатшысы
Адина Айнаева