
2025 жылғы 5-6 қараша күндері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігі өкілдерінің халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты кездесуі өтті.
Қазақстандық делегация құрамына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ және тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері кірді.
Келіссөздердің нәтижесінде тараптар келесі келісімдерге қол жеткізді:
Атап өту қажет, 2024 жылы қазақстандық тасымалдаушылар 228 мың рұқсат бланкілерін пайдаланған, ал ағымдағы жылдың басынан бері 230 мыңнан астам қытайлық рұқсат бланкілері алынған және пайдаланылған.