Авиация саласы

Авиация саласы

Қазақстанның авиакомпанияларының әуе кемелері паркі 105 бірлікті құрайды, оның ішінде 8-і биыл пайдалануға берілген жаңа ұшақтар. Бүгінгі таңда 31 елмен 144 халықаралық бағыт бойынша аптасына 842 рейс жасалады.

Салада ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Олар:

  • Арқалық әуежайы қалпына келтіріліп жатыр;
  • Алматы қаласы әуежайын дамытудың бас жоспары және $362 млн сомасындағы «TAV Airport Holding» инвестициялық бағдарламасы таныстырылды;
  • Астана қаласы әуежайын дамыту бойынша жалпы сомасы 547 млрд теңгеге инвестициялар туралы келісім жасалды;
  • «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА-да жүк-жолаушылар әуежайын салу бойынша жалпы сомасы 250 млрд теңгеге инвестициялар туралы келісім жасалды;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың 2025-2031 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.

Ішкі нарыққа жаңа авиатасымалдаушылар кірді. Будапешт, Шанхай, Сеул, Гуанчжоу, Мюнхен сияқты және тағы да басқа ірі қалаларға рейстерді қоса алғанда, 35-тен астам жаңа маршруттар ашылды;