Республика күніне орай Көлік министрлігінде салтанатты іс-шара өтті

Республика күніне орай Көлік министрлігінде салтанатты іс-шара өтті

Көлік министрлігінде Республика күні мерекесіне арналғансалтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиында Көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев ұжымға құттықтау сөзін сөйледі. Ол көліксаласы экономикалық өсудің драйвері әрі елдің тұрақтыдамуын қамтамасыз ететін маңызды фактор екенін атап өтті.

«Бүгінде Қазақстан өңірдің жетекші транзиттік-логистикалық хабына айналып келеді. Елде ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне, халықаралық байланыстардың кеңеюіне және еліміздің Еуразиялық транзиттегі негізгі буын ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді», — деді министрдің міндетін атқарушы.

Ол Көлік министрлігі ұжымына кәсібилігі мен адал еңбегіүшін алғысын білдіріп, әрбір қызметкердің елдің көлік жүйесін дамытуға қосқан үлесі зор екенін атап өтті.

Іс-шара барысында министрдің міндетін атқарушы көлік саласының үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстады.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.