«Астана – Арқалық» бағытында қатынайтын пойызда Starlink спутниктік интернеті іске қосылды

«Астана – Арқалық» бағытында қатынайтын пойызда Starlink спутниктік интернеті іске қосылды

«KAZRAIL» теміржол тасымалдаушысы «Астана – Арқалық» бағыты бойынша жүретін №655/656 пойызында Starlink интернетін пилоттық режимде іске қосты. Жоба биылғы жылдың соңына дейін толық апробациядан өтеді.

Тасымалдаушылар жолаушы пойыздарында интернетті қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіп келеді. Еске сала кетсек, бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Алматы» және «Астана – Өскемен» бағыттарында пилоттық жобаларды іске қосты.