Тайландтық лоукостер Thai AirAsia X Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады

Тайландтық лоукостер Thai AirAsia X Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады

2025 жылғы 7 қазанда Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Thai Air Asia X компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсе ханыммен кездесті.

Паттра Бусаравонгсе әуе компаниясының 2025 жылдың 1 желтоқсанында аптасына төрт рейспен Airbus A330 ұшағын пайдалана отырып, Алматы мен Бангкок арасындағы әуе қатынасын ашу жоспарын жариялады.

Сонымен қатар, Thai Air Asia X Алматыдан Еуропаның Берлин (Германия) және Манчестер (Ұлыбритания) қалаларына Қазақстанның «ашық аспан» режимінде  «әуе еркіндігінің» 5-ші дәрежесімен рейстерді орындауға қызығушылық танытты.

ҚР Көлік министрлігі қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтып, елдер арасындағы туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін әуе рейстерін ашудың маңыздылығын атап өтті.

Анықтама:

Thai Air Asia X – Жапонияға, Кореяға, Үндістанға, Австралияға, Иранға, Оманға және басқа елдерге орта және ұзақ мерзімді халықаралық рейстерді орындайтын Тайланд әуе компаниясы. Әуе компаниясының паркі тоғыз Airbus A330 ұшағынан тұрады.