Кемелердің командалық құрамы дипломы EGOV mobile цифрлық құжаттарда қолжетімді

Кемелердің командалық құрамы дипломы  EGOV mobile цифрлық құжаттарда қолжетімді

2025 жылғы мамырда «Е-лицензиялау» порталында «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі іске қосылды, онда:

1) көрсету мерзімі 22-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды;

2) мемлекеттік органдардың АЖ-мен интеграцияны ескере отырып (ҚР ДСМ, ҚР ҒЖБМ, ҚР ЕХӘҚМ, ҚР ОАМ), өтініш беруші ұсынатын құжаттар саны 5-тен 1-ге дейін қысқартылды;

3) өтініш берушілердің дайындық деңгейін ауызша тексеру ХҚКО компьютерлік кешеннің тестілік бағдарламасын пайдалана отырып емтиханға ауыстырылды;

4) тестілеуден өту нәтижесін «Е-лицензиялау» порталына автоматты түрде алу

бөлігінде оның көрсету үрдісі автоматтандырылып, оңтайландырылды.

Сонымен қатар өтініш берушілер енді кәсіби дипломды электронды форматта ала алады, ол автоматты түрде қалыптастырылады және «Цифрлық құжаттар» бөлімінде EGOV mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасында қолжетімді.

Қазіргі таңда сервистің синхрондылығын «электрондық үкіметтің» шлюзінің өзара іс-қимылының нақты түріне сәйкестігін тексеруді енгізуге байланысты ҰАТ АҚ-мен бұрын іске асырылған сервистің техникалық жұмыстары аяқталып, аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Е-лицензиялау» порталында қолжетімді.