Түркістанда халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері бойынша Қазақстан-Түркия комиссиясының отырысы өтті

Түркістанда халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері бойынша Қазақстан-Түркия комиссиясының отырысы өтті

Қазақстан мен Түркия автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретін бірқатар маңызды келісімге келді:

1. Тараптар транзиттік тасымалдарға арналған рұқсат жүйесін жою және еркін транзитке көшу туралы келісімге келді. Халықаралық келісімге өзгерістер енгізілгенге дейін транзиттік бланкілер шектеусіз беріле береді.

2. Түркия қазақстандық тасымалдаушыларға өз теңіз порттарында жүктерді тиеу мен түсіру мүмкіндігін береді. Бұған дейін бұл тек түрік компанияларына ғана тиесілі ереже болатын.

3. Рұқсат беру бланкілерімен алмасу енді цифрлық форматқа ауыстырылады. Бұл жұмыс биылғы жылдың соңына дейін атқарылады. Еске салсақ, бұған дейін Қытай және Өзбекстан елдерімен шетелдік рұқсат беру бланкілерімен алмасу электрондық форматқа ауыстырылған еді. Бұл — жүк тасымалдау үдерісін барынша жеңілдетіп, адами факторды жоюға мүмкіндік береді.

Қол қойылған Хаттама Қытай – Еуропа бағыты бойынша транзиттік әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді.