SCAT әуе паркі жаңа ұшақпен толықты

SCAT әуе паркі жаңа ұшақпен толықты

SCAT әуе компаниясының флоты тағы бір жаңа Boeing 737 MAX 8 әуе кемесімен толықты. Бұл әуе компанияның осы үлгідегі он бірінші ұшағы.

SCAT ішкі және халықаралық әуе рейстерін орындау үшін 35 заманауи ұшақты қолданады. Жаңа Boeing 737 MAX 8 биыл әкелінген үшінші әуе кемесі. Жыл соңына дейін әуе компания флоты осы үлгідегі тағы бір ұшақпен толығады.

Boeing 737 MAX 8 халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары экологиялық тиімділікке ие.