Келіссөздер барысында тараптар көлік-логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Иран тарапы Қазақстан аумағындағы автожол жобаларына қатысуға қызығушылық танытты. Бұл көлік инфрақұрылымын кеңейтуге және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыруға ықпал етеді.
Автомобиль көлігі саласындағы екіжақты келісім жобасына ерекше назар аударылды. Құжаттың барлық тармақтарын келісу және оған қол қою үшін қосымша келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар, Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясында ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Бұл бағыттың дамуы Қазақстан мен Иранның Еуразия кеңістігіндегі негізгі транзиттік буын ретіндегі рөлін нығайтуға септігін тигізетіні атап өтілді.
Астара және Ақтау порттары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесі жеке қаралды. Тараптар осы саладағы өзара іс-қимылдың елеулі әлеуетін атап өтіп, бұл тауар айналымының өсуіне және теңіз тасымалдарының көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.