Көлік вице-министрі Максат Қалиақпаров Грузияның Инфрақұрылым министрінің бірінші орынбасары Вахушти Багратиони және Грузияның Қазақстандағы елшісі Леван Диасамидземен кездесті.
Тараптар транзиттік дәліздерді дамыту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру және салалық ведомстволар арасындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Әсіресе Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орта дәліздің маңызына назар аударылды.
Мақсат Қалиақпаров Қазақстанның ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтсе, Вахушти Багратиони транзит саласында Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде жоғары бағалады.
Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.