Рүстем Қабанбаев Қазақстан авиациясы тарихында ИКАО-ның сертификатталған алғашқы аудиторы атанды

Рүстем Қабанбаев Қазақстан авиациясы тарихында ИКАО-ның сертификатталған алғашқы аудиторы атанды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас авиациялық инспекторы Рүстем Қабанбаев Румынияның Бухарест қаласында ИКАО-ның USAP-CMA бағдарламасы бойынша аудитор ретінде сертификат алды. Бұл Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік саласындағы атаулы оқиға.

ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік аудиторларын даярлау курсы аясында Р. Қабанбаев өз кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көрсетіп, халықаралық авиациялық қауіпсіздік мониторингі жүйесінде Қазақстанды танытуға дайын екенін көрсетті.

Казақстандық маман EUR/NAT өңіріндегі елдердің авиациялық билік органдарының өкілдері арасынан қатаң іріктеуден өтіп, ИКАО аудиторы мәртебесін алған Орталық Азиядағы жалғыз маман болды.

Бұл жетістік – Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуда маңызды қадамы болып отыр. Ол елдегі азаматтық авиация моделін реформалау, сондай-ақ соңғы алты жылда қызметі жүйелі түрде жетілдіріліп келе жатқан Қазақстанның авиациялық әкімшілігін құру, сонымен қатар авиациялық инспекторлардың кәсіби өсуі мен оқуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік берілгенінің нәтижесінде мүмкін болды.

Сертификатталған аудитордың болуы елге ИКАО-ның жаһандық мониторинг бағдарламасын іске асыруға белсене қатысуға, ұлттық авиациялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге және халықаралық стандарттарды дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Бұл жетістік ел басшылығының Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы рөлін арттыруға бағытталған стратегиялық бағытына толық сай келеді және жаһандық авиациялық қауымдастықтың жоғары сенімін растайды.