10–11 қыркүйек күндері Алматыда Third CANSO Euro-Asia ANSP’s CEO Summit өтіп жатыр. Оған Еуропа мен Азияның аэронавигациялық провайдерлері мен халықаралық авиациялық ұйымдардың басшылары қатысуда.
Осындай деңгейдегі іс-шараның елімізде өтуі Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық авиациялық көпір ретіндегі рөлін айқындайды және ұлттық аэронавигациялық жүйеге халықаралық сенімнің жоғары екенін көрсетеді.
Кеңесте негізгі тақырыптар қаралуда:
•әуе қозғалысын басқару (ATFM) жүйесін енгізу және деректер алмасу;
•авиатасымал тиімділігін арттыру, KPI келісу;
•әуе қауіпсіздігін басқаруда заманауи тәсілдер.
📊 2024 жылғы көрсеткіштер:
•446 мыңнан астам ұшуға қызмет көрсетілді (+8%);
•жолаушылар саны 29,7 млн адамға жетті (+14%);
•жүк рейстері 25,1 мыңға жетіп, 55%-ға өсті.
Ел аумағындағы барлық әуе қозғалысына жауапты «Қазаэронавигация» РМК халықаралық деңгейде сенімді әрі қауіпсіз қызмет көрсетіп келеді.
EUROCONTROL мен IATA болжамынша, 2050 жылға қарай Еуропа–Азия бағыты ең жылдам дамитын авиатасымал нарығына айналады.
Еліміз транзиттік қызмет көрсетумен шектелмей, аэронавигацияда жаңа сапа мен қауіпсіздік стандарттарын қалыптастырып, Батыс пен Шығысты жалғайтын сенімді авиациялық көпірге айналуда.