Тайландтық «Thai Air Asia X» әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

Тайландтық «Thai Air Asia X» әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Таиланд корольдігінің «Thai Air Asia X» лоукестері Қазақстан нарығына шығады. Тасымалдаушы Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері тікелей тұрақты жолаушылар әуе рейстерін орындайды.

Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.