Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі көлік саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін келісімге қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамытуға және технико-экономикалық ынтымақтастық саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған.
Келісімге сәйкес бөлінген қаражат тараптармен келісілген бірлескен жобаларды іске асыруға жұмсалады. Әрбір жоба бойынша нақты шарттар екі мемлекеттің уәкілетті органдары мен ұйымдары қол қоятын жеке келісімшарттарда айқындалады.
Келісім тараптар барлық қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді және өзара міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданыста болады.