Бүгін Көлік министрлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Қызметкерлерді Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров құттықтап, Ата Заңның 30 жылда еліміздің тәуелсіздігінің берік негізіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепіліне, сондай-ақ мемлекеттің тұрақты дамуы мен жаңғыруының тірегіне айналғанын атап өтті.
Іс-шара аясында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілер ант қабылдады. Сонымен қатар кәсіби шеберлігі мен адалдығы үшін бірқатар қызметкерлер «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен, «Заң саласының үздігі» төсбелгісімен және министрліктің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Барлығы 40 қызметкерге құрмет көрсетілді.
Мереке ұжымға арналған концерттік бағдарламамен жалғасып, бірлік пен көтеріңкі рух сыйлады.