Лазер немесе дрон арқылы ұшқыштарға кедергі келтіру — енді қылмыс.
2025 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстанда әуе кемелерін басқаруға кедергі келтіру, оның ішінде лазер сәулесі арқылы ұшқыштардың уақытша көру қабілетіне айырылуына әрекет жасау немесе пилотсыз ұшу аппараттарын әуе кемесіне бағыттау енді қылмыстық жауапкершілік болып есептеледі.
Бұл өзгерістер жолаушылар мен экипаждың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу үшін енгізіліп отыр. Енді жоғарыда аталған іс-әрекет үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.
Мұндай нормалар көптеген елдерде қолданылады. Мәселен, Германияда — 10 жылға дейін, Өзбекстанда — бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Сондай-ақ Канада, АҚШ, Аустралия және Жаңа Зеландияда да қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Лазерлік сәулелер ұшқышты уақытша көру қабілетінен айырып, әуе қауіпсіздігіне тікелей қауіп-қатер төндіреді. Әсіресе ұшу мен қону сәтінде мұндай әрекеттер аса қауіпті.
Аталған құқықбұзушылықты тергеу және кінәлілерді жауапқа тарту ішкі істер органдарының құзыретіне жатады.
Анықтама ретінде:
«352-1-бап. Әуе кемесін басқаруға бөгеуіл жасау