Көлік министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Министрліктің Заң департаменті қызметкерлері «Ата Заң – ел тірегі» тақырыбында қысқаша дәріс оқып, қатысушыларға Конституцияның маңызы мен тарихы жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар арнайы дайындалған викторина өткізіліп, қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен заңдары туралы білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, барша қатысушыларға елдің өркендеуі үшін әрбір азаматтың Конституцияны құрметтеп, сақтауы аса маңызды екендігі атап өтілді.
Конституция күні – баршамызды ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіретін, елдік рухты асқақтататын мереке.