Министрлікте Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында "Абай шығармаларындағы толық адам тұжырымдары" атты дәріс өтті

Министрлікте Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында "Абай шығармаларындағы толық адам тұжырымдары" атты дәріс өтті

Дәрістің лекторы ретінде филология ғылымдарының қандидаты, доцент Бибеков Қаныш Тілеужанұлы шақыртылды.

Іс-шараның басты мақсаты Ұлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы адамгершілік, парасаттылық, әділет, махаббат және сенім ұғымдарына негізделген «толық адам» ілімінің мәнін талдап, қазіргі қоғам үшін оның маңызын ашуға бағытталды.

Сондай-ақ, рухани тәрбие мен ұлттық сананың дамуына ықпал ететін тұжырымдарды талқылау арқылы жастарды кемелдікке, өзін-өзі тануға шақыру көзделді.

Абай ілімі – мәңгілік өзектілігін жоймайтын құндылық. Қазіргі уақытта қоғамның рухани жаңғыруы Абайдың «толық адам» идеясын терең ұғынудан қайта бастау алып жатқаны ақиқатқа айналды.