«Lufthansa» әуе компаниясының ресми ақпаратына сәйкес, ұшулар 2025 жылғы 26 қазан мен 2026 жылғы 29 наурыз аралығында келесі себептерге байланысты уақытша тоқтатылады:
- Әскери қақтығыстарға байланысты Ресей Федерациясының әуе кеңістігін айналып ұшу компания шығындарының артуына әкелді.
- Әуе кемелерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің жеткізілуінің кешігуі де әсер етуде. Қазіргі уақытта көптеген халықаралық әуе компаниялар тапсырыс берген әуе кемелерін уақытында ала алмауына байланысты өздерінің тасымалдау жоспарларын қайта қарауда.
- Маусымдық жолаушылар ағынының төмендеу үрдісі көптеген әуе тасымалдаушыларына тән.
Сонымен қатар, Астана және Алматы қалалары арқылы ұшу компанияның жеке шешіміне байланысты рейстердің жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында жалғасып жатқанын атап өтеміз.