Көлік министрлігінде «AMANAT» партиясы «Бірлік» филиалының Атқарушы хатшысымен кездесу өтті

Көлік министрлігінде «AMANAT» партиясы «Бірлік» филиалының Атқарушы хатшысымен кездесу өтті

2025 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде «AMANAT» партиясының «Бірлік» аумақтық филиалының Атқарушы хатшысы Серкебаев Есенбек Салдарбекұлымен кездесу өтті.

Іс-шараға Көлік министрлігінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ағымдағы жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында берілген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы сөз болды.

Шара аясында Ұлттық Құрылтайда берілген тапсырмалар шеңберінде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға да назар аударылды. Атап айтқанда, Үкімет Қостанай облысында Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен байланыстыратын автожолдың құрылысы мен қайта жаңғырту жобасын қолға алған.

Сондай-ақ, Азаматтық авиация комитеті Төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұзындығы 2,5 мың метр болатын ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, такси жолы жөндеуден өтуде.

Кездесу мазмұнды әрі өзекті мәселелерді қамтып, қатысушылар тарапынан қызығушылық пен белсенділік танытылды.