Көлік министрлігі теміржол және азаматтық авиация салаларындағы маршруттық желі туралы хабарлайды.
🔸 Теміржол көлігі
Бүгінгі таңда елімізде жолаушылар тасымалы саласында 154 теміржол маршруты орындалады.
Олардың ішінде:
2025 жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 миллион жолаушы тасымалданды. Жолаушылар вагондарын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері шамамен 60 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды.
🔹 Әуе қатынасы
Азаматтық авиация саласында ішкі және халықаралық бағыттардың саны артып келеді:
Халықаралық әуе рейстер географиясы әлемнің келесі елдерін қамтиды:
Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзірбайжан, Туркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Черногория, БАӘ, Катар, Иран, Мысыр, Кувейт, Бахрейн, Оман, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Моңғолия, Малайзия, Мальдив аралдары.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында әуе көлігі қызметін 7,2 миллион жолаушы пайдаланған.