Вице-министр Мақсат Қалиақпаров Тяньзинь қаласында (ҚХР) өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 12-ші кеңесіне қатысты

Вице-министр Мақсат Қалиақпаров Тяньзинь қаласында (ҚХР) өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 12-ші кеңесіне қатысты

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Тяньцзинь қаласында (Қытай Халық Республикасы) өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 12-ші кеңесіне қатысты.

Биылғы кеңестің тақырыбы – «Жаһандық тұрақты көлік». Бұл тақырып қатысушы елдердің қауіпсіз, цифрлық және экологиялық көлік жүйелерін дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Мақсат Қалиақпаров ШЫҰ өңірінде заманауи және тұрақты көлік инфрақұрылымын қалыптастыруда жасанды интеллект пен цифрландырудың  рөлін атап өтті.

Іс-шара аясында Вице-министр Моңғолияның Көлік министрі Борхуугийн Далгерсайханмен және ҚХР Көлік министрінің орынбасары
Ли Янмен екіжақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында автомобиль тасымалдарын дамытуды, шекарадан өту рәсімдерін жеңілдетуді, сондай-ақ жаңа халықаралық маршруттар мен бағыттарды ашуды қоса алғанда, көлік саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Өткізу пункттері жұмысының тиімділігін арттыру, көлік процестерін цифрландыру және транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайту үшін жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар өңірдің елдері арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға және көліктік өзара байланысты одан әрі нығайтуға ниет білдірді. Бұл ШЫҰ кеңістігінде тұрақты және бәсекеге қабілетті көлік жүйесін қалыптастыруға ықпал етпек.

Өткізу пункттері жұмысының тиімділігін арттыру, көлік процестерін цифрландыру және транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайту үшін жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, Қазақстан, Моңғолия және Ресей Федерациясы арасында үшжақты кездесу өтті, оның барысында халықаралық автомобиль жолын дамыту және көлік дәліздері мәселелері талқыланды.