Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне сәйкес қазақстандық әуе компанияларының рейстерді уақытша тоқтатуы туралы ақпарат

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне сәйкес қазақстандық әуе компанияларының рейстерді уақытша тоқтатуы туралы ақпарат

2025 жылғы 24 маусым күнгі жағдай бойынша Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты бірқатар елде ресми түрде шектеулер енгізіліп, азаматтық авиацияға арналған әуе кеңістіктері жабылды. Мәжбүрлі шаралар қаруды қолдану қаупі, навигациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі, әуе қорғанысы жүйелерінің белсенділігі және азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін жоғары тәуекелдерге байланысты қабылданды.

Соңғы мәліметке сәйкес, шектеулер келесі елдерде қолданылады:

* Израиль әуе кеңістігі толық жабық;

* Иран әуе кеңістігі толық жабық, (оның ішінде Парсы және Оман шығанақтары);

* Ирак, Иордания, Ливан зымыран мен дрон шабуыл қаупіне сәйкес ұшуларды уақытша шектеу енгізді;

* Кувейт, Бахрейн, БАӘ-рейстерді шектеу және тоқтату, ішінара қақтығыс аймағына жақын маршруттарды бұғаттау.

Ірі халықаралық авиатасымалдаушылар да рейстерді уақытша тоқтатты. Олардың қатарында Air France-KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada Дубай, Доха және Эр-Риядқа ұшуды тоқтатты. Qatar Airways ұшу кестесін реттейді. Etihad ресми ескерту жасады. Emirates қақтығыс аймағын айналып, ұшуды жалғастыруда.

Осыған байланысты қазақстандық әуе компаниялары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты.

авиакомпания

рейс

направление

количество пассажиров

направление

количество пассажиров

1

Air Astana

KC205/206

Дубай — Астана

127

Астана — Дубай

90

2

Air Astana

KC897/898

Дубай — Алматы

120

Алматы — Дубай

54

3

Air Astana

KC551/552

Доха — Шымкент

147

Шымкент — Доха

119

4

SCAT

DV5250/5251

Доха — Астана

199

Астана — Доха

161

5

SCAT

DV5245/5246

Доха — Алматы

174

Алматы — Доха

4

6

Qatar Airways

QR389/390

Доха — Алматы

142

Алматы — Доха

130

7

Qatar Airways

QR391/392

Доха — Алматы

142

Алматы — Доха

125

Итого

1051

 

683

Демек елімізден шетелге шықпақшы адам саны — 683 болса, шетелден елге оралатын адам саны — 1051 адам. Жалпы алғанда бұл жағдай 1 734 жолаушыға әсер етті.

Қазақстандық авиакомпаниялардың Парсы шығанағы елдеріне ұшуға бағытталған рейстерді тоқтата тұруы аймақтағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне негізделген мәжбүрлі шара.
Әуе компаниялары қабылдаған шешім халықаралық тәжірибеге сәйкес қабылданды. Басты мақсат — жолаушылар мен экипаж мүшелерірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушылар ыстық тамақпен, қонақ үй және трансфермен қамтамасыз етілді.

Тоқтатылған немесе кейінге шегерілген рейстер бойынша жолаушылар тегін қайта бронь қоя алады немесе әуе билеттерінің құнын толық қайтарып ала алады.

Көлік министрлігі авиакомпаниялармен бірлесіп жағдайды жіті бақылауда, қажет болған жағдайда жедел шешім қабылдап, кестені қайта қарау жұмысы жүргізіледі. Рейстер жақын арада қайта жүзеге асырала бастайды.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласу қажет:

Air Astana
help.airastana.com
+7 727 244 4477 (24/7)
+7 7172 584477 (24/7)
+7 702 702 4477 (24/7)
+7 7272 44 44 78 (24/7)
WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)Online chat: airastana.com (24/7)

SCAT
+7 7252 99 88 80
+7 701 738 25 76

АО «Авиационная администрация Казахстана» +7 7172 79 82 15