Көлік министрлігінде мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

Көлік министрлігінде мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

ҚР Көлік министрлігіндегі мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан басталды. Ведомство аппаратының басшысы Ерболат Мұқаев мемлекеттік қызметте жүрген әріптестеріне жылы лебізін білдіріп, кәсіби мерекемен құттықтады.

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында ведомствоның бірқатар қызметкеріне Құрмет грамотасы мен «Мемлекеттік қызмет ардагері» ,
«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі табыс етілді. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда көлік саласына жауапты министрлікте 807 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.