Көлік министрлігі автобустар мен жүк көліктері жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалауға бағытталған ауқымды акция өткізеді

Көлік министрлігі автобустар мен жүк көліктері жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалауға бағытталған ауқымды акция өткізеді

Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің бастамасымен 2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілде аралығында жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуын бақылау бойынша «Тахограф» акциясы өтеді.  

Акцияның мақсаты - жолаушыларды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды күшейту.

Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк көліктері, оның ішінде:

  • қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
  • жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
  • жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық тұрақты тасымалдауды;
  • жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық, ауданаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын көліктер жатады.

Көлікті басқарудың күнделікті ұзақтығы қолданыстағы қағидаға сәйкес 9 сағаттан аспау керек. Төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасауға тиіс.  

Қағида талаптары сақталмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 572-бабымен тасымалдаушыларға 5 АЕК-тен 50 АЕК аралығында, жүргізушілерге 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл көзделген.