ATR компаниясымен еліміздің әуепаркін жаңарту мәселелері талқылануда

ATR компаниясымен еліміздің әуепаркін жаңарту мәселелері талқылануда

Парижде (Франция) ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының (EURNAT-DGCA) азаматтық авиация бас директорларының кеңесінде ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның ATR Еуропа мен Орталық Азиядағы сату жөніндегі Вице-президенті Жером Габоримен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар өңірлік әуепаркті жаңарту саласындағы ынтымақтасты, ATR заманауи турбовинтті әуе кемелерін жеткізу мүмкіндіктерін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, персоналды оқыту мәселелері талқыланды.

Скат әуе компаниясы бұл ұшақтарды құрылысы жүріп жатқан үш жаңа Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайларына рейстерді орындау үшін сатып алуды қарастыруда.

Сондай-ақ, кездесуде тұрақты даму және отын тиімділігін арттыруға және көміртегі ізін азайтуға бағытталған инновациялық технологияларды енгізу тақырыбына ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында тараптар еліміздің авиация саласын олан әрі дамыиу аясында бірлесе жұмыстануға ниет білдірді.

Анықтама: ATR – 1981 жылы құрылған француз-итальяндық авиациялық техника өндірушісі. Штаб-пәтері Тулузада (Франция) орналасқан. ATR42 және ATR72 турбовинтті аймақтық жолаушылар ұшақтарын шығарады. Компания аймақтық турбовинтті ұшақтарды (40-тан 74 орынға дейін) өндіруде көшбасшы.