4 маусым күні Мюнхен қаласында Орталық Азияға арналған «Global Gateway» бастамасын Транскаспий дәлізінде іске асыру тақырыбына арналған сессия өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Еуропалық Одақпен қатар құрметті қонақ ретінде қатысты.
Іс-шараны Германияның Rhenus Group компаниясы ұйымдастырып, оған үкіметке тиесілі және жекеменшік компаниялар қатысты.
Сессия ТХКБ-ны еуропалық компаниялармен бірлесе дамытуға және «Global Gateway» бастамасы аясындағы жобаларды іске асыру жоспарларымен бөлісуге мүмкіндік берді.
Сессия аясында "ҚТЖ" ҰК"АҚ" және "Сары-Арқа" халықаралық әуежайының ақпараттық стендтары таныстырылды.