Су көлігінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің республикалық семинар – кеңесі өтті

Су көлігінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің республикалық семинар – кеңесі өтті

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ағымдағы жылдың 29-30 мамырында су көлігінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Комитет және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің 25-ші республикалық семинар-кеңесін өткізді.

Семинар-кеңесте 2025 жылғы навигациядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, оның ішінде  ішкі су көлігі саласында жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі түсіндірілді.

Семинар барысында көліктік бақылау инспекцияларымен су көлігіндегі бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде біркелкі тәсілді қамтамасыз ету үшін өзен және шағын көлемді кемелерді оқыту тексерулері жүргізілді.

Семинар аясында Семей қаласы шегінде Ертіс өзенінің кеме қатынасы су жолының учаскесін тексеру және Шүлбі су қоймасына шығу жүргізілді.