Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астана тұрғындарымен кездесті

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астана тұрғындарымен кездесті

Осы аптада 60-тан астам қала тұрғындарының қатысуымен ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев елорда халқымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар автомобиль жолдарының жөнделуі, әуе және теміржол саласының, сондай-ақ әуе билеттерінің бағасы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер беру мәселелерін көтерді.

Талғат Ластаев жолдардың жағдайын бақылайтын 9 автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылғаны туралы хабарлады (жыл соңына дейін тағы 10 орнату жоспарлануда).

Сонымен қатар вице-министр еліміздің барлық өңірінде 125 теміржол вокзалында өткізу қабілетін арттыру және жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында ғимараттарды, инженерлік жүйелер мен қызметтерді жаңғыртуға бағытталған, соның ішінде Астана-1 вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары басталғаны туралы атап өтті.

Кездесуге қатысушы тұрғындардың барлық сұрақтары бойынша толық жауаптар берілді.