Көлік министрі Марат Қарабаев Конго Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық келіссөздер жөніндегі арнайы өкілі, Министр Франсуаза Жолимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар жүктерді Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі арқылы тасымалдау мүмкіндігін талқылады.
Сондай-ақ, Конго нарығын жан-жақты зерттеу, көлік инфрақұрылымымен танысу және Пуэнт-Нуар портына бару мүмкіндігін қарастыру мақсатында қазақстандық делегацияның жұмыс сапарын ұйымдастыру талқыланды.
Келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Конго Республикасы арасында көлік-логистика саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.