Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр

Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында теміржол және су көлігі комитеті төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлім етті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 20,8 миллион жолаушы тасымалданды (өсім 6 пайызды құрады). Биыл 22 миллион жолаушы, оның ішінде жазғы кезеңде 7 миллион жолаушы тасымалданады деп күтілуде.

Биыл Алакөлге, Балқашқа, Шымкентке, Алматы мен Астана қалалары арасында қатынайтын 12 қосымша бағыт қамтамасыз етіледі.

Олардың қатарында:

  1. № 253/254 «Астана – Достық» (Тальго);
  2. № 207/208 «Алматы – Достық» (Тальго);
  3. № 211/212 «Алматы – Достық» (Тальго);
  4. № 221/222 «Алматы – Достық»;
  5. № 457/458 «Семей – Достық»;
  6. № 459/460 «Өскемен – Достық»;
  7. «Алматы – Достық»;
  8. «Қызылорда – Достық»;
  9. «Павлодар – Достық»;
  10. № 201/202 «Астана – Алматы»;
  11. № 203/204 «Астана – Шымкент»;
  12. № 219/220 «Қарағанды – Балқаш».

Бұл шаралар қосымша 300 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Жолаушылар ағыны артқан сайын қолданыстағы пойыздардың құрамы кезең-кезеңімен ұзартылады (қосымша вагондар жалғанады). Бұл шамамен 1 миллион қосымша орынды қамтамасыз етеді.