2025 жылдың 23 мамыры күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің бөлім прокуроры Октябр Абзал Алимұлы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға Көлік министрлігінің қызметкерлері мен Автокөлік транспорты комитеті және Транспорттық бақылау комитетінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы және 2023 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының №38 қаулысына сәйкес енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Заңнамадағы негізгі өзгерістер:
Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған азаматтардың мемлекеттік қызметке қайта алынуы үшін белгіленген мерзімдер.
Қызметте негізсіз үш және одан көп сағат бойы болмаған жағдайда қызметтен босатуды көздейтін өзгерістер.
Мемлекеттік қызметті дискредитациялайтын әрекеттер жасаған тұлғаларға қатысты шаралар.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келесі бұйрықтарына енгізілген өзгерістер қарастырылды:
2011 жылғы 29 сәуірдегі №39 бұйрық «Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған тұлғаларды арнайы есепке алу ережелерін бекіту туралы».
2016 жылғы 22 маусымдағы №113 бұйрық «Мемлекеттік қызметті дискредитациялайтын тәртіп бұзушылық жасаған тұлғаларды есепке алу ережелерін бекіту туралы».
Іс-шараның мақсаттары:
Мемлекеттік қызметке қатысты заңнама мен нормативтік актілердегі өзгерістерді түсіндіру.
Мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сананы арттыру.
Көлік саласындағы мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайту және қызметтік тәртіпті күшейту.
Жүргізілген құқықтық түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызмет саласындағы құқықтық түсінікті жақсартуға, құқықтық тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.