Теміржол көлігі:
Алдағы уақытта Балқашқа дейін 10 теміржол маршруты ұйымдастырылады. Пойыздар Астана, Семей, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) қатынайды.
Сонымен қатар, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында айдың тақ күндері №219/220 «Қарағанды-Балқаш» жүрдек пойызы қатынайды. Оның құрамына 4 плацкарт және 2 купе вагон кіреді.
Автомобиль көлігі:
Балқаш көліне дейін «Орталық – Оңтүстік» жол бағыты арқылы төрт жолақты жолмен жүруге болады.
Астана қаласынан ұзындығы 217 шақырым «Астана – Қарағанды» жолын өтіп, одан әрі ұзындығы 363 шақырым «Қарағанды – Балқаш» жолы бойынша жетуге болады. Жол жүру уақыты шамамен 5-6 сағатты құрайды. Ұзындығы 262 шақырымды құрайтын «Меркі-Бұрылбайтал» жолы арқылы да жетуге болады.
Балқашқа Лепсі ауылы арқылы баламалы жолмен де жетуге болады. Мұндағы 27 шақырымдық жол учаскесі қайта жөнделіп, ені 6-дан 7 метрге дейін кеңейтілді. Техникалық санаты V-тен III-ке ауыстырылап, өткен жылдың қазан айында пайдалануға берілді.