Қазір «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ төрағасының орынбасары мен «Қажсервис» ЖШС басшысы Қордай асуында.
Биыл 12 желтоқсаннан бастап ауа-райының күрт нашарлауына байланысты Шымкент - Тараз - Отар бағыты бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің учаскелерінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Машат-Шақпақ баба учаскесінде (65 км) қазіргі уақытта ауа райы жағдайы қалыпқа келді. Тәулік бойы машина жүретін жол бөлігін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оған 33 бірлік қар тазалау техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар жол қызметтері учаске жабылғанға дейін жолға шыққан автомобильдерге көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізуде.
Мерке - Қайнар - Қордай – Отар (140 км) учаскесінде соңғы тәулікте қолайсыз ауа райы жағдайлары жалғасуда (желдің екпіні 40 м/с-қа жетті). 15 желтоқсан, таңғы сағат 4.00 шамасында ауа-райы қалыпқа келіп, барлық күш жолды тазартуға жұмсалды. Қазір жол бойында 47 қар тазалағыш техника жұмыс істеп жатыр.
*
Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша. 2023 жылғы 15 желтоқсанда жоғарыда аталған жабық учаскелердің барлығында бір жолақ бойынша қозғалыс бөлігі қардан тазарту жұмыстарымен қамтамасыз етілді, патрульдік полицияның сүйемелдеуімен кептелісте жиналған автомобильдер өте бастады. Алайда, қардан тазарту жұмыстары аяқталғанға дейін учаскелер жабық күйінде қалады.
Екі учаскеге 80 бірлік жол техникасы және 230 қызметкер жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жол қызметтері жабық учаскелерде қозғалыс аумағын кеңейтумен айналысады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ техникасынан басқа жақын маңдағы құрылыс және жолдарды реконструкциялау объектілерінен мердігер компаниялардың күштері жұмылдырылды.
Қазір «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары және «Қажсервис» ЖШС бірінші басшысы аталған учаскеде.
Көлік саласында кәсіби кадрларды даярлау мақсатында әрі көлік министрінің еліміздің оңтүстік астанасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Көлік министрлігі биыл 21 желтоқсанда Алматы қаласында студенттер мен көлік саласының субъектілері арасында кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Логистика және көлік Академиясы, Азаматтық авиация академиясы, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты, Almaty Management University, ҚБТУ жанындағы Қазақстан Теңіз академиясы студенттері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының, ҚазжолҒЗИ, Қазавтожол, әуежайлар, авиакомпаниялар, теңіз порттарының өкілдерімен кездеседі.
Аталған іс-шара аясында аталған жоғары оқу орындарының студенттері саланың тәжірибелі мамандарымен идеялары және технологиялық әзірлемелерімен бөлісіп, өз жобаларын таныстыра алады. Сондай-ақ іс-шара бағдарламасы шеңберінде көлік саясатын іске асыру мәселелері бойынша пікірталастар ұйымдастыру қарастырылған.
Бұл кездесу студенттерге өзекті мәселелерді талқылау және болашақ ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер табу үшін көлік ұйымдарымен кездесуге мүмкіндік бере отырып, білім мен бизнес арасында көпір құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Айта кетерлігі, көлік саласы үшін кадрлар даярлау процесі Қазақстанның көлік жүйесін кадрлық және инновациялық дамытудың негізі болып табылады. Өйткені қазіргі таңда көлік саласындағы білікті кадрлар тапшылығы мәселесі өзекті мәселеге айналуда.
Жалпы алғанда, көлік саласының мамандарына деген қажеттілік 9 мың 800 адамды құрайды. Ал бүгінде аталған мамандық бойынша небары 2 500 студент білім алуда, оның ішінде 1730-ы грантта оқиды. Жолшы мамандығы бойынша жыл сайын 600-ден астам студент диплом алады.
Сіздерді аталған іс-шараға қатысу үшін шақырамыз, тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз:
Жиынға автомобиль жолдары, теміржол және су көлігі, азаматтық авиация, автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеттерінің, «ҚазАвтоЖол»ҰК, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының басшылары қатысты.
Ашық форматта өткен кездесу барысында жол-көлік саласына қатысты мәселелер көтерілді. Марат Қарабаев Солтүстік Қазақстан облысы министрдің өңірлер бойынша жұмыс сапарларының ішінде 17-ші облыс екенін атап өтті.
Облыс тұрғындары елдің оңтүстік өңірлерімен байланыстыратын әуе қатынасын ашу, Ғабит Мүсірепов ауданындағы Алматы-Екатеринбург республикалық жолының учаскесін жөндеу, Көкшетау-Омбы тас жолы бойынша қиыршық тас таситын көліктерге жүргізілетін бақылауды күшейтуге қатысты сұрақтар қойды.
Сонымен қатар Петропавлда және аудандарда автобус тасымалы, жеке жолаушылар тасымалын дамыту, автобус жүргізушілерінің тапшылығына қатысты мәселені шешуге ықпал ететін D санатындағы жүргізуші куәлігін алу талаптарын жеңілдету бойынша кәсіпкерлердің бастамасы талқыланды.
Жергілікті тұрғындармен кездесуден кейін Көлік министрлігінің басшысы Солтүстік Қазақстан облысының негізгі көлік инфрақұрылымы объектілерінің, атап айтқанда Петропавл қаласындағы теміржол вокзалының, облыс орталығының автовокзалы және «Қызыл-Жар» халықаралық әуежайының жұмысымен танысады.
Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев республикалық трассаларды тазалауға кедергі келтірмеу үшін жүргізушілерді жабық жолдарға шықпау туралы тағы бір мәрте ескертті
Көлік министрлігінің жедел ақпараты бойынша, қазіргі уақытта республиканың 6 облысында ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар ішінара жабылды.
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу өңірінде көлік құралдарының қозғалысы мүмкіндігінше сүйемелдеумен ұйымдастырылып, жолдарда автомобильдердің кептелісіне жол берілмейді.
Жамбыл және Түркістан облыстарында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойынша Алматы облысынан Шымкент қаласына дейінгі учаскеде күрделі жағдай сақталуда.
«Аспара елді мекенінен Отарға дейін жол толығымен жабық. Ол жақтағы ауа-райы әлі де нашар. Жол тазалау жұмыстары бір уақытта екі жақтан, яғни Алматы және Жамбыл облыстары тарапынан бірден басталды», – деді С.Аблалиев.
Тараз қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі учаскеде жол толығымен тазартылды. Алайда Түркістан облысы бойынша ауа райына және жолды тазалау жұмыстарының жалғасуына байланысты қозғалыс әлі ашылмайды.
Сондай-ақ көлік вице-министрі жүргізушілер әлі де әртүрлі әдістермен жабық жолдарға шығып, қар құрсауында қалып отырғанын айтты. Осыған байланысты жол техникасының бір бөлігі өздерінің тікелей міндеттерімен қоса, адамдар мен автомобильдерді қар құрсауынан алып шығумен айналысып жатыр.
«Жүргізушілерді уәкілетті органдар тарапынан келетін хабарландыруларға назар аударып, жергілікті тұрғындарды Жамбыл облысы бойынша жолға шықпауларын сұраймыз», – деп қорытындылады вице-министр.
https://drive.google.com/drive/folders/1WT2Ig0FTpwig4dGc0llvxsw-WD_B02LY
Автомобиль жолдарының жай-күйін бақылаудың тиімділігін цифрлық шешімдерді енгізу арқылы арттыру мақсатында Көлік министрлігіне қарасты Жол активтері сапасының ұлттық орталығы сынақ зертханаларында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуға арналған виртуалды тренажерді әзірлеп жатыр.
Бұл шара өз кезегінде жаңа әдістер мен технологияларды игеруге, мамандардың дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша біліктіліктерін арттыруға көмектеседі.
Білім алушы тренажердің көмегімен 5-10 минуттың ішінде жолдар мен материалдардың сапасын тексеру кезінде бірнеше күн жүргізілетін барлық кезеңді бірден көріп өте алады.
Аталған әзірлемені енгізе отырып, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы өзінің барлық өңірдегі филиалдарында жұмыс істейтін қызметкерлерін жүйелі түрде емтихандық тестілеуден өткізуді жоспарлап отыр.
Оқытудың мұндай тәсілі автожол саласындағы қызметкерлердің кәсіби деңгейін айтарлықтай арттырады деп күтілуде.
Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров теңізге шыға алмайтын елдердің LLDC конференциясында мәлім етті
Ереван қаласында өткен іс-шараға сондай-ақ Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Непалдың Сыртқы істер министрі Нараян Пракаш Сауд, Замбия Көлік және логистика министрлігінің өкілі Ирине Бвалия Мулоши Тембо қатысты.
Сессия барысында конференцияға қатысушылар «2014-2024 жылдарға арналған Вена іс-қимыл бағдарламасын іске асыру барысында көліктік өзара байланыс саласында алынған сабақтар» тақырыбын талқылады.
Айта кетерлігі, Қазақстан аумағы бойынша теңізге шыға алмайтын ең ірі дамушы ел болып табылады. Өз кезегінде БҰҰ-ның LLDC елдеріне арналған бағдарламасы 2003 жылғы Алматы декларациясында да, 2014-2024 жылдарға арналған Вена іс-қимыл бағдарламасында да теңізге шықпай-ақ елдердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауда аса маңызды рөл атқарады. Осы ретте вице-министр жиналған көпшілікке соңғы он жылдықта Вена іс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндап берді.
«Бүгінгі таңда біз Орталық Азия мен Еуропа арасында тасымалдау сапасын арттыру үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік беретін жаңа логистиканы жолға қою мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Қазақстан Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа сияқты экономикалық алыптар арасында орналасқан және өз кезегінде өңірдегі көлік-транзиттік әлеуетті дамыту мен көлік дәліздерін жаңғырту үшін зор күш-жігер салуда. Соңғы 15 жылда Қазақстанның көлік саласына шамамен 35 млрд АҚШ доллары инвестицияланған. 2,5 мыңнан астам темір жол, 13 мың шақырым автомобиль жолдары салынған, Қытаймен шекарада «Қорғас-Шығыс қақпасы» құрғақ порты, сондай-ақ қуаттылығы жылына 21 млн тонна Ақтау және Құрық теңіз порттары нәтижелі жұмыс істеуде. Тиімді транзиттік трансконтинентальды дәліздер мен маршруттар желісі құрылды. Бүгінде еліміз бойынша 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді, оның ішінде 5 темір жол және 8 автомобиль дәлізі», деді вице-министр Мақсат Қалиақпаров.
Жалпы Солтүстік дәліз бойында 2015 жылдан бастап бірыңғай көлік-логистикалық компания жұмыс істейді. Ол Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша бірыңғай оператор қызметін атқарып, бірыңғай өтпелі мөлшерлеме мен логистикалық қызметтерді ұсынады. Логистикадағы жаһандық өзгерістерге қарамастан, бұл дәліз транзиттік тасымалдарды жүзеге асырудағы өзектілігін жоғалтпайды және шығыс-батыс бағытындағы контейнерлік тасымалдардың шамамен 80 пайызын алады деп болжануда.
Сонымен бірге осы бағытта Транскаспий халықаралық көлік маршрутының рөлі арта түсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жүктерді тасымалдау көлемінің екі есе өсуі осының бірден бір дәлелі.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Румыния, Польша және Болгарияның теміржол, теңіз әкімшіліктері мен логистикалық операторларының қатысуымен халықаралық Транскаспий халықаралық көлік бағыты қауымдастығы өз жұмысын бастаған болатын.
«Өткен жылдың қараша айында Ақтауда біз Әзербайжан, Грузия және Түркиямен «тар жерлерді» синхронды жою және орта дәлізді дамыту жөніндегі 2027 жылға дейінгі Жол картасына қол қойған едік. Осы құжатты іске асыру дәліздің өткізу қабілетін жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті М.Қалиақпаров.
Осы ретте орта дәлізді дамыту шеңберінде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүк тасымалын арттыру бойынша маңызды шаралар қабылданып жатқанын айта кеткен орынды. Оның ішінде, 2025 жылға дейін Ақтау портында «контейнерлік хаб» салынады деп жоспарланып отыр. Бұл тасымалдау көлемін жылына қосымша 300 мың жиырма футтық эквивалентке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Көлік министрлігінде ведомство басшысы Марат Қарабаев ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен көлік магистральдарын мобильді және спутниктік интернетпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн форматта кездесу өткізді.
Өзекті тақырыпты талқылауға сондай-ақ байланыс операторлары мен «Қазавтожол» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының өкілдері қатысты.
ЦДИАӨМ басшысы қазіргі уақытта «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде цифрлық инфрақұрылымды пайдалана отырып, республикалық және негізгі облыстық жолдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұған келесі жылы 487 антенна орнату арқылы қол жеткізу жоспарлануда. Нәтижесінде мобильді интернетпен қамту 17 мың шақырым автожолды құрайды деп күтілуде.
Биыл 23 желтоқсанға дейін Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚАЖ» және ЦДИАӨМ телекоммуникация комитетінің мамандары осы міндетті іске асырудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды. Сондай-ақ Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және «ҚТЖ» бірлесіп қарқынды теміржол маршрутында спутниктік интернетпен қамтамасыз етудің пилоттық жобасын және барлық магистральдық теміржолда мобильді байланыспен және интернетпен қамту картасын ұйымдастыру жөнінде жұмыс жоспарын дайындайтын болады.
Кездесу қорытындысы бойынша ведомство басшылары күн тәртібінде көтерілген мәселенің маңыздылығын атап өтіп, тиісті жоспарланған іс-шараларды жеделдету үшін бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.
Соңғы күндері еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді. Атап айтқанда, солтүстік аймақтарда қатты аязға байланысты қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Бүгінгі таңда елдің солтүстігінде ауа-райы тұрақтанып, шектеу шаралары ауа температурасы төмендеген кезде, яғни түн мезгілінде ғана қолданылады. Күндізгі уақытта жолдармен жүру қамтамасыз етілген.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде, атап айтқанда Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында бұған дейін енгізілген шектеу шаралары әлі де өз күшінде. Мәселен, Күйік пен Машат асуларында бүгінгі таңда ауа-райы тұрақсыз болып тұр. Желдің екпіні сағатына 40-42 шақырымға жетеді, жолда түк көрінбейді. Осыған байланысты көлік құралдарының кептелісін болдырмау үшін Жамбыл және Түркістан облыстары жағынан асулар жабылды.
«Қазавтожол», Төтенше жағдайлар департаменттері мен полиция тиісті жұмыстарды жүргізуде. Азаматтарға жақын маңдағы елді мекендерге бұрылып кету, сондай-ақ ыстық тамақ пен қонып жату жағдайы қарастырылған жылыту пунктеріне бару ұсынылады. Барлық қызмет түрі жұмылдырылған, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша көмек көрсетіп жатыр», - деді Көлік министрінің орынбасары Сәтжан Аблалиев.
Сондай-ақ ол автокөліктердің кептелісі жолды қардан тазалауға шыққан арнайы техникалардың қозғалысын шектейтінін және тазалау жұмыстарына кедергі келтіретінін атап өтті.
«Осыған байланысты қазақстандықтарды қыс мезгілінде «Қазавтожол», ТЖМ және гидрометеорологиялық орталық тарапынан автожолдардағы белгілі бір учаскелердің жабылуы туралы келетін хабарландыруларына ерекше назар аударуды сұраймыз», деді вице-министр.
Қысқы күтіммен қамтылған автожолдардың жалпы ұзындығы халықаралық және республикалық тас жолдарды қоса алғанда 25 мың шақырымды құрайды. Аталған көлемнің 21 мың шақырымына «КАЖсервис» ЖШС күштері, ал тағы 4 мың шақырымына реконструкциялау және күрделі жөндеу объектілерінде мердігерлік ұйымдар қызмет көрсетеді.
Қысқы күтімді қамтамасыз ету үшін 1033 бірлік қар тазалау техникасы жұмылдырылған, сондай-ақ қысқы жағдайларда сенімділік пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін шамамен 218 бірлік қосымша техника жалға алынды.
Бүгінгі таңда 515 өндірістік база сақадай сай, оның ішінде жылыту пункттері, қазандықтар, гараждар, автотұрақтар мен қоймалар пайдалануға дайын.
Еліміз бойынша барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған 121 жылыту пункті бар. Қиын жағдайға тап болған пайдаланушылар үшін алғашқы баспана. Бұл пункттер өздерінің ас үйімен, пайдаланушыларға арналған демалыс бөлмелерімен және көлікке арналған жылы бокстармен жабдықталған.
Сондықтан жолда «жол-пайдалану учаскесі» деген жазуы бар маңдайшаларды қадағалауға кеңес береміз.
Қысқы күтімнің ажырамас бөлігі көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау болып табылады. Қазіргі уақытта 26 мың тонна тұз, 94 мың м3 құм, 33 мың м3 ұнтақ, 778 тонна реагент және 25 мың м3 құм-тұз қоспасы бар.
Ағаштарды кесу, шөптерді шабу, «жылдамдықты шектеу», «тайғақ жол» уақытша жол белгілерін және қардан қорғау қалқандарын орнату жұмыстары жалғасуда. Қарлы учаскелердің жалпы ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайды.
☎ Сондай-ақ, егер сіз жолда қалсаңыз және қоңырау шалу мүмкіндігі болса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа алатыныңызды еске саламыз.
ҚР Көлік министрлігінің жанынан қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтардың пікірін ескеру және ведомство қызметіне деген сенімін арттыру мақсатында Қоғамдық кеңес құрылып, құрамына 15 адам кірді.
Отырыстың күн тәртібі туралы баяндамамен қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Жамалбек Қаржау сөз сөйледі.
«Қызығушылық танытқан үміткерлердің қарасы қалың. Десе де орындар саны шектеуліболғандықтан, таңдау қажет болды. Жұмыс тобы бір айдың ішінде 34 үміткердің құжаттарын қарап, олардың әрқайсысымен әңгімелесу өткізді», – деді ол.
Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында жаңа құрамдағы кеңестің төрағасы сайланды. Сонымен бірге кеңес туралы ереже бекітіліп, ұйымдастыру мәселелері қаралды. Ұйымның жаңадан сайланған басшысы кеңес қатысушыларына жұмыс жоспарын әзірлеуді және министрлік қызметінің бағыттары бойынша салалық комиссиялар құруды ұсынды.
«Біз бірлесе отырып, түрлі мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру үшін нақты қоғамдық институт пен сындарлы диалог алаңын құра аламыз деп үміттенемін. Сондай-ақ азаматтық авиация, теміржол және су көлігі, автокөлік, автомобиль жолдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 5 комиссия құруды ұсынамын», – деді Берік Камалиев.
Министрлік Аппаратының басшысы кеңестің бұрынғы құрамына алғысын білдіріп, атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
«Жылдың басынан бастап Қоғамдық кеңес 11 отырыс өткізіп, министрлік өкілдерінің 20-дан астам мәселе бойынша есептері тыңдалды. Сондай-ақ министрлік әзірлеген 465 нормативтік-құқықтық акті қаралды», – деп атап өтті Ерболат Мұқаев.
Жоспар бойынша Қоғамдық кеңестің келесі отырысында салалық комиссиялардың құрамы анықталатын болады.