Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Министрлік туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
18 апреля 2024
Көпшілік назарына

Көпшілік назарына

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.

Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.

Толығырақ:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15023243

 

 

 

18 апреля 2024
Қазақстан мен Түркия аралас жүк тасымалын дамыту жөніндегі бірлескен комитет құрады

Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Парламент Сенатында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының үкіметтері арасындағы жүктерді халықаралық құрама тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын ұсынды.

Заң жобасы әртүрлі көлік түрін пайдалана отырып, жүк тасымалдарын жеңілдетуге және Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісімді ратификациялау екі ел арасында автомобиль, теміржол және су көлігімен орындалатын жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Көлік министрінің орынбасарының айтуынша, аталған құжат Каспий теңізінде тұрақты теміржол-паромдық операцияларды, мемлекеттерді қосатын теміржол желілерінде, атап айтқанда халықаралық контейнерлік блок-поездар үшін тиісті байланыстар мен транзиттік қызметтер көрсетуді көздейді, сондай-ақ кедендік ресімдеу ережелерін ескере отырып, екі ел арасында жүктерді тасымалдау шарттарын айқындайды.

«Қазіргі уақытта біз аралас Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Оған теміржол, автомобиль және су көлігі қатысады. Қазірдің өзінде маршрут бойынша жүктерді өткізу және тауарларды жеткізу мерзімі 19-23 күнге дейін қысқартылды, оның ішінде 6 күн - Қазақстан аумағы бойынша. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жылдам. Бұл келісім Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуына әсер етеді», – деді С.Аблалиев.

Ол келісімді орындау барысындағы мәселелерді реттеу үшін тасымалдауды дамыту жөніндегі бірлескен комитет құрылатынын айтты. Оның басты міндеті транзиттік тасымалдардың жылдамдығы мен сапасын арттыру болады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, келісімді ратификациялау бойынша жұмыстар қазіргі уақытта Түркия елінде де жүргізіліп жатыр.

 

18 апреля 2024
Көлік министрлігі мен ҚТЖ жолаушылар тасымалы саласындағы цифрлық теміржол платформасын құруды жоспарлап отыр

Еліміздің көлік саласын цифрландыру жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғасып жатыр

ҚР Көлік министрлігі теміржол саласындағы цифрлық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысады.

Басымдық берілген жобалардың қатарына жетекші әлемдік порт операторы – сингапурлық PSA компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде Tez сustoms жүк мультимодальды платформасын енгізу жобасы кіреді.

2023 жылдың соңында «ҚТЖ «ҰК» АҚ Көлік, қаржы, ауыл шаруашылығы министрліктерімен және ЦДИАӨМ бірлесіп Tez customs жүйесін еліміздің екі теміржол бағытында сынақтан өткізді. Пилоттық жоба үшінші елдерге транзит арқылы транзиттік декларацияны автоматты түрде тіркеу және шығару мүмкіндігін көрсетті.

Аталған жұмыс жалғасып жатыр және ерекше бақылауда. Оған қоса жобаға Әзербайжан, Грузия және көптеген қытайлық логистикалық платформалар қосылды.

Сондай-ақ цифрлық құралдардың көмегімен экспедиторлық және қойма қызметтері көзделетін ҚТЖ қызметтерінің бірыңғай терезесін іске асыра отырып, жүктерді ішкі тасымалдаудағы процестерді оңтайландыру жоспарда бар. Бұл платформа жүк жөнелтушілердің, тасымалдаушылардың және жүк тасымалдарының операторларының теміржол көлігімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге тиіс.

Цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және жаңартуға ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда ҚТЖ Huawei және Wabtec Corporation компанияларымен ынтымақтастықты бастап кетті. Жасанды интеллект алгоритмдері, жылжымалы құрамды бақылау жүйелері және басқа да элементтер кезең-кезеңімен енгізілуде.

Бұдан басқа, Көлік министрлігі мен ҚТЖ жолаушылар тасымалы саласында қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағыт алып отыр. Осы міндет шеңберінде кеңейтілген функционалы бар тиісті ұлттық цифрлық жүйені құру көзделуде.

Автомобиль жолдары
17 апреля 2024
Жол саласындағы кадрлар тапшылығы мәселесі: жоғары оқу орындарында мамандарды даярлаудың жеке бағдарламасы қалпына келтірілді

Соңғы жылдары Қазақстанның автожол саласындағы білікті кадрлардың тапшылығы мәселесі және оны шешу бойынша ұсынылған шаралар туралы жиі айтылып жүр.

Көлік министрлігі мен сала ардагерлері еліміздің жоғары білім беру жүйесінде көлік немесе жол құрылысы бойынша жекелеген мамандықты қайта құру және жолшы мамандарды даярлауға мақсатты мемлекеттік тапсырысты бөлу қажеттігі туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын.

«Біздің мамандық ұзақ жылдар бойы «қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламалары тобында болды. Бір кездері «құрылыс» сөзімен байланысты барлық нәрсені бір бағытқа біріктірді: қала құрылысы, өнеркәсіптік құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру, газ-мұнай құбырларын, теміржолдарды, көпірлерді, тоннельдерді, сондай-ақ автожолдар мен әуе айлақтарын салу», – дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ құзыреттілікті дамыту орталығының директоры Гүлжамал Омарова.

Бұл тәсілмен ЖОО студенттері барлық бағыттар бойынша жеке-жеке білім алды. Өз кезегінде түлектер мамандықтардың кең тізімінен таңдау мүмкіндігіне ие болып, таңдау жасаған сәтте көбіне-көп жол құрылысы мамандығы қалыс қалып жатты.  

Құзыреттілікті дамыту орталығы талдау жүргізіп, түлектердің жартысы құрылыс саласына қатысы жоқ жұмыс орындарына орналасатынын, ал қалғандары неғұрлым беделді өнеркәсіптік және азаматтық құрылысты таңдайтынын көрсететінін анықтады. Бүгінгі таңда жол құрылысы мамандығын таңдайтын жастардың қатары қалың емес. Жолшыларды даярлауға арналған жеке гранттық квота жағдайды түзете алар еді, ол үшін тиісті мамандық білім беру бағдарламаларының жалпы тобынан шығарылуы керек деп есептейді мамандар.

Сондықтан өткен жылдың ішінде Көлік министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және ҚазжолҒЗИ «Көлік құрылысы» дербес білім беру бағдарламасын жандандыру бойынша үлкен бірлескен жұмыс жүргізді.

«Әлбетте, атқарылған жұмыстың нәтижелері бізді қуантады. Мәселен, енді жеке мамандық бар. Ендігі кезекте Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік гранттарды жеткілікті мөлшерде бөледі деп үміттенеміз. Ақпан-наурыз айларында біз кадрларға деген қажеттілікке талдау жасадық. Бүгінде жол саласына 1,5 мыңға жуық білікті маман қажет», – деді Омарова.

Жылдың басында Автомобиль жолдары комитеті Көлік министрінің тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобын құрды. Оның құрамына ведомство қызметкерлері мен «ҚазЖолҒЗИ» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК және Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілдері кірді. Ақпан айында делегация білім беру мекемелерімен стратегиялық ынтымақтастықты орнату және нығайту, сондай-ақ автожол саласын дамыту перспективаларын талқылау мақсатында Алматы қаласының бірқатар жоғары оқу орнына барған еді.

Сондай-ақ кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін ғылыми институт өткен жылы жол саласы мамандарының цифрлық банкін құрғанын атап өткен жөн. Жолшыларға арналған Jolshy базасында жол саласының барлық маманы туралы ақпарат қолжетімді болмақ. Атап айтқанда, базада ЖОО түлектерінен бастап автожолдарды салу және жобалау мен пайдалану саласында жұмыс істейтін ардагерлерге дейінгі санаттағы мамандар туралы ақпарат болады. Сонымен бірге мамандардың біліктілігі, олардың жұмыс тәжірибесі, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың болуы және басқа да мәліметтер көрсетіледі.

Қазіргі таңда базаны толтыру және басқа мемлекеттік жүйелермен интеграциялау жүргізіліп жатыр. Аталған базаны тәжірибелік пайдалануға жақын арада іске қосу жоспарланып отыр.

17 апреля 2024
Көлік құралдарына арналған электрондық құжат айналымына көшу мәселесі өзекті – Көлік министрлігі

Көлік министрлігімен көлік саласын цифрландыру саласында бірқатар жоба енгізіліп жатыр

Қазақстанның көлік саясаты елдің тиімді транзиттік орналасуы мен республика аумағының ежелгі сауда жолдарындағы тарихи рөліне сүйенеді.

Мемлекеттің көлік стратегиясы географиялық артықшылықтарды пайдалануға және Қазақстанды Еуразия құрлығындағы тораптық транзиттік хабқа айналдыруға бағытталған.

Стратегияны іске асыру көлік қызметтері мен процестерін оларды жеделдету және оңтайландыру жағына қарай жетілдіруді талап етеді. Бұл мақсатқа жетудің негізгі құралыцифрландыру.

Қазіргі таңда Көлік министрлігі 5 жылдық кезеңге арналған цифрлық трансформацияның егжей-тегжейлі картасын әзірлеп жатыр және IT саласындағы қолданыстағы әрі жаңа технологияларды ескере отырып, көлік саласының функциялары мен бизнес-процестерінің реинжинирингін жүргізуде.

Қазақстан Республикасының 2030 жылғадейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыруда бақылау-қадағалау органдарын қоса алғанда, тасымалдау процестеріне қатысушылар арасында өзара ақпарат алмасу және тасымалдау құжаттарын ресімдеу үшін цифрлық шешімдерді енгізуге басты назар аударылды.

Биыл министрлік Өзбекстан Республикасымен автомобиль жүк тасымалдарында электрондық шетелдік рұқсат бланкілерін айырбастауға және беруге көшу міндетін орындады. Болашақта бұл тәжірибені одан әрі кеңейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Қытай мен Түркиямен ауызша келісім жасалған.

Мультимодальды жүк тасымалдарын ұйымдастыру бөлігінде бірыңғай цифрлық платформаны енгізу арқылы «жіксіз» транзитті қамтамасыз ету міндеті қойылды. Қазір халықаралық тәжірибе егжей-тегжейлі зерттелуде, БАӘ және Сингапурмен тығыз ынтымақтастық басталды.

2023 жылдың қысында Қазақстанның екі теміржол бағытында «ҚТЖ» ҰК» АҚ сингапурлық PSA-мен бірлесіп әзірлеген Tez Customs жүк мультимодальды платформасы сынақтан өткізілді. Пилоттық жоба үшінші елдерге транзит арқылы транзиттік декларацияны автоматты түрде тіркеу және автоматты түрде шығару мүмкіндігін көрсетті. Әзербайжан, Грузия және көптеген қытайлық логистикалық платформа жобаға қосылды.

Сондай-ақ Көлік министрлігі қолданыстағы ақпараттық жүйелер, аппараттық-бағдарламалық кешендер және енгізуге жоспарланған Цифрлық жобалар өзара байланысты болатын Ұлттық зияткерлік көлік жүйесін құру жөніндегі жұмысты жалғастырып келеді.

Үлкен деректерді өңдеу, Ұлттық зияткерлік көлік жүйесінде аналитика және мониторинг жүргізу, оның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып, сапалы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді, жол қауіпсіздігін арттырады және автоматтандырылған көлік бақылауға көшуге жақындатады.

Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ұлттық зияткерлік көлік жүйесін құруға арналған егжей-тегжейлі техникалық құжаттама әзірленуде. 2024 жылы қажетті құжаттарды бекітіп, жобаны нақты іске асыруды бастау жоспарлануда.

Бастапқы кезеңде Ұлттық зияткерлік көлік жүйесін автомобиль жүк тасымалын, ал болашақта барлық басқа көлік түрін қамтиды деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге «көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін» (автокөлік), «e-Freight жүйесін» (жүк әуетасымалдары), «кемелер қозғалысын басқару жүйесін» біріктіру жолымен бірыңғай жүйе құру көзделген.

17 апреля 2024
Көпшілік назарына

Көпшілік назарына

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.

Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.

Толығырақ:

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15020107  

 

16 апреля 2024
Көлік министрлігінде жүктерді теміржолмен тасымалдау нарығын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің превенция қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау басқармасының басшысы Нұрдәулет Сәмет қатысты.

Күн тәртібінде бейінді министрліктің өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралды. Сондай-ақ теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жүктерді теміржолмен тасымалдау нарығын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және теміржол тасымалы саласындағы бизнестің мәселелері жөнінде баяндамалар ұсынылды.

Айта кетерлігі, өткен жылы Көлік министрлігі 20 бюджеттік бағдарламаны іске асырды. Министрліктің даму жоспары стратегиялық бағыттар пен нақты мақсаттарды көздейді және оның шеңберінде белгілі бір индикаторларға қол жеткізу көзделген.

Мәселен, көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға, республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы мен реконструкциялануына бағытталған жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен бірге Алматы қаласындағы метрополитеннің құрылысына берілетін нысаналы трансферттер жүзеге асырылды.

Транзиттік әлеуетті дамытуға қатысты айтар болсақ, «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі.LRT», теміржол жолаушылар тасымалын субсидиялау, шекара бөлімшелерін жобалау және салу, тасымалдаушылар мен вагон операторларының вагондарды сатып алуына сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сонымен қатар тұрақты әуе тасымалдарын субсидиялау. Бұл туралы өз баяндамасында Қаржы және корпоративтік басқару департаментінің директоры Нұрлан Жүнісов айтты.

Теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы айта келе, Қоғамдық кеңестің бюджет мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Р.А.Сараева елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейтінін, инвестициялық ахуалға теріс әсер ететінін, елдің имиджін әрі Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық мүдделілікті төмендететінін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаттарының бірі – сыбайлас жемқорлық фактілерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау, теміржолшылар қауымдастығының барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру. Бұл мақсатқа басқа әдістермен қатар сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу арқылы қол жеткізіледі. Осы ретте заманауи технологияларды енгізуге және теміржолдағы процестерді цифрландыруға назар аудару, сондай-ақ теміржол көлігіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет», – деп атап өтті комиссия төрағасы Р.Сараева. Осы орайда отырыс барысында бірқатар ұсыныс берілді.

Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов жүктерді теміржолмен тасымалдау нарығын тұрақтандыру және теміржол тасымалы саласындағы бизнестің бүгінгі мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап берді. Мәселен, жыл басынан теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 70,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7% - ға аз.

Республика ішіндегі қатынаста жүктерді тасымалдау толық көлемде қамтамасыз етілген. Өткен жылдан бастап локомотивтер паркін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, 113 локомотив сатып алынды.

Бүгінгі таңда жүк вагондарының жалпы саны 136 мың бірлікті құрайды. 2024 жылы жылжымалы жүк құрамын жаңарту мақсатында 242 бірлік вагон сатып алынды.

Айта кетерлігі, Достық - Мойынты, Бақты - Аягөз, Дарбаза - Мақтаарал, Алматы айналма станциясы сияқты инфрақұрылымдық жобаларды салу арқылы өткізу қабілетін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бейінді министрлік жанынан теміржол көлігі саласында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылды.

15 апреля 2024
Қазақстан мен Арменияның әуе тасымалдаушылары екі ел арасындағы ұшуды шектеусіз орындау құқығына ие болды

Өз кезегінде отандық автотасымалдаушылар Армения аумағында жол және экологиялық алымдарды төлеуден босатылды

Қазақстан Президентінің Арменияға ресми сапары аясында екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығын дамыту мақсатында 2006 жылғы 6 қарашадағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға және Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының авиациялық билік орындары арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған меморандумға сәйкес екі елдің әуе тасымалдаушылары Армения мен Қазақстан аумағындағы рұқсат етілген пункттерге (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей, Түркістан, Ақтөбе) 3-ші, 4-ші және 5-ші дәрежелі "ауа еркіндігін" пайдаланумен ұшуды орындау құқығына ие болды.

Сонымен қатар қазақстандық тарап «Армян авиакомпаниялары» ЖШҚ-ға 2027 жылдың соңына дейін Ереван – Ашхабад-Астана бағыты бойынша коммерциялық құқықтары бар тұрақты рейстерді орындауға рұқсат берді.

Үкіметаралық келісімге түзетулер пакеті үшінші елдерге/елдерден жүктерді автотасымалдауға рұқсат беру жүйесін құруды, сондай-ақ қазақстандық тасымалдаушыларды екіжақты және транзиттік жүк тасымалдары кезінде жол және табиғат қорғау төлемдерінен босатуды көздейді (Армения Республикасының аумағында әрбір автокөлік құралынан шамамен 100 доллар экологиялық алым алынады).

Анықтамалық: 2023 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы автомобиль көлігімен импорттық-экспорттық тасымалдар 6 936 тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 21% - ға артық (5 748 тонна). Тасымалданатын негізгі жүктердің қатарында дайын тамақ өнімдері, қара және түсті металдар, машиналар, механизмдер мен жабдықтар.

13 апреля 2024
Қазақстан мен Өзбекстан көлік министрліктері рұқсат бланкілерімен электрондық форматта алмасу үрдісін іске қосты

13 сәуір күні цифрлық рұқсат бланкісін пайдалана отырып алғашқы машина Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шекараны кесіп өтті

Екі елдің көлік министрліктерінің өкілдері рұқсат бланкілерімен электрондық форматта алмасу үрдісін іске қосты. Үшінші елдерге/елдерден жүктерді электронды түрде тасымалдауға арналған рұқсат бланкілері Атамекен, Б.Қонысбаев, Қазығұрт, Қапланбек және Тәжен өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттеріне іс жүзінде кіруі бойынша берілетін болады.

Екі елдің автотасымалдау саласындағы аталған маңызды шара логистикалық процестерді едәуір жеңілдетіп, жүк тасымалын тиімдірек етеді. 

Мұндай инновациялар уақытты үнемдеуге және алыпсатарлық мәселелерін болдырмауға көмектеседі деп күтілуде.

Отандық тасымалдаушыларға электрондық рұқсаттар беруге өтініштерді қабылдауды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары CarGoRuqsat электрондық кезегінің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асыратын болады. Ол үшін төмендегі құжаттардың болуы шарт:

1) электрондық кезек жүйесінде тіркелу;

2) көлік құралдарына арналған құжаттар;

3) шетелдік рұқсатты қолдану арқылы/қолданусыз рұқсат куәлігі;

4) шетелдік рұқсатты қолдану арқылы/қолданбай көлікке рұқсат карточкалары;

5) ҚР аумағынан шыққаны үшін алым сомасын бюджетке төлеу. 

12 апреля 2024
Атырау қаласынан ұшатын әуе рейстерінің саны артты - Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі отандық әуе компанияларымен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдады.

Атыраудан аптасына ұшатын 73 тұрақты рейстердің қатарына қазақстандық әуе компаниялар Атыраудан Астана, Алматы, Ақтау және Шымкентке аптасына 49 рейс қосылды. Тасымалдау сыйымдылығы 72%-ға ұлғайтылды (12 756 орыннан 21 958 орынға дейін).

Биыл 9-12 сәуір аралығында Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары қосымша 17 рейсті орындады (сыйымдылығы 3069 орын).

Бүгінгі таңда қазақстандық тасымалдаушылармен Атыраудан ұшатын тікелей рейстердегі барлық эконом-класс тарифтері бір жаққа шаққанда 40 мың теңгеден аспайтыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл тарифтер 13-24 сәуір аралығында қолжетімді болады.

Жолаушыларға әуе компаниялардың ресми сайттарында әуе билеттерін тексеру және сатып алу ұсынылады. Отандық әуе компаниялары еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына өтеусіз негізде 50 тоннаға жуық гуманитарлық жүк тасымалдағанын қосымша хабарлаймыз.

Социальные сети
komitettransporta
ҚР ИИДМ Көлік комитеті
Комитет транспорта МИИР РК
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы