Тамыз айының алғашқы жексенбісі еліміздегі көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күн Президенттің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді және ресми мәртебеге ие.
Кәсіби мереке қарсаңында ведомство басшысы Марат Қарабаев Қазақстанның көлік саласының өкілдерін құттықтап, еңбегі еленген қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Ардақты ардагерлер қауымына да құрмет көрсетілді.
“Көлік кешені - ұлттық экономиканың маңызды элементі. Бүгінде осы салада 670 мыңға жуық адам еңбек етуде. Сондай-ақ, қазіргі уақытта еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде 60 мыңға жуық студент білім алуда. Сала өкілдерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңартылуда, тасымалдау көлемі өсіп, мультимодальды тасымалдар іске асырылуда. Ерен еңбегіңіз бен ақ адал қызметіңіз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, жас ұрпаққа тәжірибе беретін сала ардагерлеріне құрметімді білдіремін”, - деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің бастамасымен авиация саласындағы жағдайды түбегейлі жақсарту үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) құрылды. Бүгінде ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік саласында техникалық авиациялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын ҚАӘ өз жұмысының алғашқы бес жылдығын қорытындылауда.
ҚАӘ қызметі азаматтық авиацияны реттеудің еуропалық моделіне бағытталған, ол әлемдегі ең озық және ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады, ИКАО стандарттарына және ұсынылған тәжірибеге толық сәйкес келеді.
ҚАӘ бес жыл ішінде азаматтық авиацияның негізгі заңына түзетулер жобаларын және 100-ден астам НҚА жобаларын әзірледі, сондай-ақ уәкілетті органмен бірлесіп тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл орасан зор жұмыс жаңа стандарттарды, ИКАО-ның ұсынылатын тәжірибесін және озық халықаралық тәжірибені енгізуге.
2021 жылы ИКАО-ның валидациялық миссиясы өтті, оның нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ға дейін көтерілді, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары.
Соңғы екі жыл ішінде Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша Еуропалық Комиссиямен тығыз жұмыс жүргізілді. Мәселен, ағымдағы жылы Еуропалық комиссия, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттік (EASA) және Еуропалық Одақ мүшелерінің авиациялық билігі сарапшыларының техникалық сапарының нәтижелері және Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті отырысының қорытындылары бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан ұшу қауіпсіздігі жөніндегі күшейтілген мониторингтен шықты. Бұл қазақстандық авиакомпанияларда Еуропаға ұшуға шектеулер жоқ дегенді білдіреді. Сертификатталған 19 авиакомпанияның 7-і Еуропаға ұшуға рұқсаты бар.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚАӘ 28 мыңнан астам мемлекеттік қызметті жүзеге асырды. Көрсетілген кезеңде авиациялық қауіпсіздік инспекторлары 358 тексеру жүргізді, 10 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде экипаж мүшесінің куәліктерін беру және әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметтерін сертификаттау бойынша. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесінің инспекторларын жұмысқа жіберудің 4 мыңнан астам рәсімі жүргізілді.
Бес жылдық кезеңде ұшуды пайдалану саласында ҚАӘ инспекторлары инспекция жасап, пайдаланушының 41 сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына 24 куәлік берілді.
Лицензиялау саласында бес жыл ішінде ҚАӘ авиациялық персоналға куәлік беру және авиациялық-оқу орталықтарын сертификаттау бойынша 15 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
Қазақстан ТМД-да бірінші болып ұшу-қону жолағы (GRF) бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматының стандарттарын 100% енгізу туралы жариялады. Бұл құжат ИКАО-ның әуе кемелерін шығарумен байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған маңызды ережесі болып табылады.
2020 жылы ҚАӘ Түркістан жаңа әуежайынқабылдап алды. Бұның алдында аэродром пайдаланушысында қауіпсіздік стандарттарын арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды.
Қазіргі уақытта авиациялық әкімшілікте 150-ден астам авиациялық инспектор жұмыс істейді, олардың тәжірибесі үздік халықаралық тәжірибелер негізінде үнемі байытылады. Білім алу әлемнің бірнеше мемлекеттерінде өтеді, бұл ҚАӘ-нің жаһандық тәжірибені пайдалануға және халықаралық байланыстарды дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейге жетудің басты шарттары – қатаң стандарттар мен рәсімдер орындалуын бақылау, персоналды тұрақты оқыту, заманауи технологияларды енгізу, тәуекелдерді басқару және тығыз халықаралық ынтымақтастық.
Атап айтқанда, 2019 жылы ИКАО Ассамблеясы шеңберінде Қазақстан авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қол жеткізген нәтижелері үшін әлемнің 190 елі арасында ИКАО Кеңесі Президентінің жоғары наградасымен марапатталды.
2023 жылы Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне «Air Transport News Corporate Award» корпоративтік марапаты табыс етілді. Бұл Қазақстандағы азаматтық авиацияны басқарудың жаңа моделіне көшу бойынша жүргізілген жұмысты мойындау деген сөз.
Елімізде алғаш рет ИКАО талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2024-2027 жылдарға арналған ұшу қауіпсіздігі жөніндегі жоспары әзірленді.
ҚАӘ Қазақстанның әлемде танылуын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, 2023 жылы ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Алматыда жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (ICAO TRIP) бойынша өңірлік симпозиум өткізді. Іс-шара аясында ИКАО ресми түрде 2024 жылды Формальдылықты жеңілдету жылы деп жариялады. Бес жыл ішінде ҚАӘ инспекторлары формальдылықты жеңілдету, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету желісі бойынша 140 тексеру және қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау желісі бойынша 86 тексеру жүргізді.
2024 жылы Қазақстанда авиациялық дрондар саласындағы әлемдегі ең ірі ойыншы – JARUS-тың және 65 елдің халықаралық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Ұшқышсыз авиациялық жүйелер бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі авиациялық биліктердің бірлескен комитетінің пленарлық отырысы ұйымдастырылды. 2023 жылғы шілдеде Қазақстан осы ұйымның 66-шы мүшесі болды, ал Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас директоры Қазақстан Республикасынан Азия/Австралия өңірінің JARUS вице-төрағасы лауазымына сайланды.
Өңірлік деңгейде ҚАӘ бастамасымен Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясы құрылды. Бұл Қазақстанды өңірдегі көшбасшы позицияларда нығайтатын өте маңызды бастама.
Жақын арада авиация әкімшілігі АҚШ-қа тікелей рейстерді іске қосу үшін FAA ұшу қауіпсіздігі аудитінен өтетін болады.
Жылдам өсіп келе жатқан трафик (жыл сайын 20%-дай) әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған туристер тарапынан Қазақстанның авиациялық қауіпсіздігіне деген сенімнің айғағы болып табылады.
ҚӘА-ның күш-жігері мен жетістіктері Еуропалық Комиссияның, EASA, FAA және әлемдік авиация саласындағы басқа да беделді ұйымдардың қолдауын табуда. Жұмыс нәтижелері Қазақстанның Орталық Азия мен ТМД елдері арасындағы жетекші ұстанымдарын нығайтып, авиациядағы реформаларды табысты іске асырудың үлгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Ақтау - Бейнеу ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығының жобасы орналастырылғанын хабарлайды.
Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.
Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15146811
Марат Қарабаев азаматтарды жеке қабылдады
Көлік министрі Марат Қарабаев ҚР Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында Атырау, Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысының тұрғындарын қабылдады.
Жеке қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелері әуежайлар мен теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсетуге, сондай-ақ күре жолдарда атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысты болды.
Мәселен, Атырау қаласының тұрғыны еліміздегі теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассалардың болмауы мәселесін көтеріп, шағымданды. Жалпы бүгін ел аумағында 300-ден астам теміржол вокзалы жұмыс істейді. Олардың бірнешеуі ғана арнайы кассалармен жабдықталған. Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінің қызметкерлеріне барлық вокзалдарды тексеріп шығу және теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассаларды орнату мәселесін қолға алу тапсырылды. Бірінші кезеңде мамандар ірі теміржол вокзалдарын, содан кейін шағын станцияларды тексеріп шығады. Вокзалдарды тексеру жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, көлік министрі Марат Қарабаев жолаушылардың шағымдарынан кейін Ақтау, Астана және Ақтөбе қалаларының әуежайларын ретке келтіруді тапсырды.
"Бірінші кезекте бұл әуежайларда тазалық пен тәртіп орнату қажет. Әуежайлардың басшылығына ескерту", - деді Марат Қарабаев.
Министр Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталуға жақын екенін еске салды. Олар жеке қаражат есебінен салынып жатыр. Сондай-ақ, биылғы жылдың мамыр айында Балқаш қаласы әуежайының перронын қайта жаңарту жұмыстары басталды.
Көлік министрлігі темір жолдар және су көлігі комитетінің қызметкерлері жолаушыларды тасымалдау қағидалары нормаларын сақтау бойынша әлеуметтік маңызы бар бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздарын тексерді. Комитет қызметкерлері Астана-Алматы, Қызылорда-Петропавл, Астана-Шымкент, Қызылорда-Павлодар, Қызылорда-Көкшетау, Алматы-Жезқазған, Алматы-Саратов және т.б. әлеуметтік маңыздағы 20-дан астам жолаушылар пойызын тексерді.
Тексеріс барысында 284 келісім міндеттемелерін бұзушылық анықталды. Оның ішінде жолаушылар вагондарының ішкі және сыртқы келбетінің нормаға сай келмеуі, вагондарда кондиционерлердің болмауы және ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасамау, санитарлық-техникалық жағдайдың сақталмауы және т.б. фактілері тіркелді.
Айыппұлдардың жалпы құны 10 млн теңгеден асты. Айыппұлдар Ұлттық тасымалдаушыға да, жеке тасымалдаушыларға да салынады. Тасымалдаушыларға 10 күн ішінде анықталған келісім міндеттемелерін бұзушылықтарды жою және оларды одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Айта кетейік, елімізде 110 тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Жаздың соңына дейін комитет қызметкерлері қалған жолаушылар пойыздарын кестеге сәйкес тексереді
Жазғы кезеңде рейстер санының ұлғаюына байланысты ҚР заңнамасында көзделген қызметтерді уақтылы көрсетпеу немесе рейсті кешіктіру кезінде қызметтерді көрсетпеу туралы әуекомпанияларға жолаушылардың шағымдары жиілеп кетті.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік әуекомпанияларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Мәселен, Алматы – Қарағанды бағыты бойынша рейс кідіртілген кезде Қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақ үйге орналастырылмады, сонымен қатар жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге және кері тасымалдау ұйымдастырылмады) ағымдағы жылдың 11 шілдесінде «FlyArystan» әуе компаниясына қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оған сәйкес әуе компанияға 1000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұған дейін, сондай-ақ Атырау-Алматы бағыты бойынша рейсті кешіктірген кезде тиісті қызмет көрсетпегені үшін ағымдағы жылдың 24 маусымында «SCAT» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) құрады.
Жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты заңнаманы мүлтіксіз сақтау Азаматтық авиация комитеті жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады және әуе компаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталса, белгіленген шаралар қолданылатындығын атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов Монреаль қаласындағы ИКАО штаб-пәтерінде осы халықаралық ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Салазарға сенім грамоталарын табыстады.
Сұхбат барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Бас хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілдігін ашу туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Тұрақты өкілді өз қызметіне кірісуімен құттықтады. Хуан Карлос Салазар Тұрақты өкілдіктің қызметі Қазақстан мен осы Ұйым арасындағы стратегиялық серіктестіктің әрі қарайғы дамуына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.
Сонымен қатар Бас хатшы Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктері мен рөліне жоғары баға бере отырып, әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдармен жақсы қарым-қатынастарды дамытып отырған еліміздің беделін атап өтті.
Хуан Карлос Салазар «ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін жоғарылату жөніндегі Қазақстан тарапы жүргізіп отырған реформаларды, сондай-ақ жалпы әуе көлігінің қол жетімділігін арттыруын жоғары бағалап, оларды мысал ретінде көрсетіп отырады», - деп атап өтті.
Тұрақты өкіл Қазақстан басшылығының сәлемін жеткізе отырып, ҚР-мен азаматтық авиация саласындағы көп жоспарлы ықпалдастықты дамыту жөніндегі ИКАО-ның қызметіне қатысты қолдауын білдірді.
«Қазақстан ИКАО-ның белсенді қатысушысы болып табылады және еліміздің тарихында тұңғыш рет Тұрақты өкілдіктің ашылуы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын одан әрі дәйекті түрде енгізуіне ықпал ететініне кәміл сенімдімін», - деп атап өтті Тимур Тілегенов. Сонымен қатар ол Қазақстанның азаматтық авиация саласының ағымдағы жағдайы, сондай-ақ еліміздің осы саладағы негізгі басымдықтары мен міндеттері туралы әңімелеп берді.
ИКАО-да (Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы – Азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілейтін және қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында оның дамуын үйлестіретін БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі) алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің ресми өкілі тағайындалғанын айта кету керек. Бұл оқиғаға ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен Сыртқы істер министрлігінің бірлескен жұмысы арқау болды.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен ИКАО арасындағы іс жүзіндегі диалогтың одан әрі кеңеюінің бейілділігі мен маңыздылығын растады.
Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында көліктік бақылау және экспедиторлық қызметті лицензиялау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Талқылауға Министрліктің, «ҚТЖ «ҰК» АҚ және көліктік бақылаудың аумақтық инспекцияларының өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңес мүшелері мәселелердің өзектілігін, сондай-ақ автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінде және оның аумақтық инспекцияларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.
Қоғамдық кеңес мүшелері көліктік бақылау процесін автоматтандыру бойынша бейінді министрлікке, атап айтқанда ААЖ енгізу, рұқсаттардың қағаз бланкілерін цифрлық форматқа көшіру жөнінде ұсыныстар берді.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес экспедиторлық қызметті лицензиялауды енгізудің орынсыз екендігін білдірді. Себебі, бұл кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін және бизнес-ахуалды нашарлататын артық әкімшілік кедергі болып табылады, бұл Мемлекет басшысының бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеу, сонымен қатар отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта құру қажеттілігі туралы тапсырмасына қайшы келеді.
600-ден астам кірме теміржолы «Көліктік сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының сенімгерлік басқаруына берілді. Кірме жолдарды техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес оларды жөндеп, қалыпқа келтіру жоспары бекітілді. Қалыпқа келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Мәселен, шамамен 22 мың шпал, 42 мыңнан астам теміржол төсемі мен 3 мыңға жуық брус және басқа материалдар ауыстырылды. Бұдан басқа, «TUVRheinland» халықаралық компаниясымен жасалған шартқа сәйкес «КСО» АҚ сапа менеджменті, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі жүйелері бойынша алғаш рет сертификатталды.
Естеріңізге сала кетейік, «КСО» АҚ акцияларының жүз пайыздық пакеті республикалық мемлекеттік меншікте. Бұл компания жылжымалы құрамның өтуі, маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, сондай-ақ жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолдарды ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында
Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.
Толығырақ:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15146628