12 сәуір – ҚР Ғылым қызметкерлері күні. Кәсіби мерекеге және Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының 65 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан Республикасындағы жол құрылысы саласындағы үздік инновациялық даму» конкурсы ұйымдастырылды.
Бүгін елордасы Астана қаласында аталған байқаудың қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар анықталды. Байқауға жас зерттеушілердің, отандық ғалымдар мен ғылыми ұжымдардың инновациялық 40 жобасы ұсынылып, қазылар алқасы үздік 9 жұмысты іріктеп алды. Финалға Қазақстанның күрделі климаттық және гидрогеологиялық жағдайларында экология, автомобиль қозғалысы қауіпсіздігі және жол құрылысы мәселелерін шешуге бағытталған идеялар мен әзірлемелер өтті.
Байқау республиканың ғылыми қоғамдастығын және жол-көлік саласын қолдауға бағытталған.
Конкурстық комиссияның құрамына профессор, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының, Халықаралық ғарыш ғылымдары академиясының және Ресей космонавтика академиясының академигі А.Қалыбай, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының бірінші проректоры Г.Еспаева, Халықаралық көлік академиясының академигі А.Беков, Қазақстан автожолшылар қауымдастығының президенті Б.Баймағамбетов, т.ғ.д. А.Жалаиров, ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Ғылым және сапа басқармасының басшысы Ж.Игембаев және QazReagent ЖШС басқарушы директоры А.Мендецкий шақырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурсқа ұсынылған жұмыстар Қазақстанның жол-құрылыс саласында одан әрі іске асыру немесе сынақтан өткізу үшін мүмкіндік алмақ. Ал өз кезегінде жеңімпаздар жақсы материалдық сыйақы алады.
«Іріктеу туры барысында жол саласы үшін ең өзектісі таңдалды. Жол жабындарының беріктігі мәселесін шешу үшін инновациялық шешімдерді ұсынатын «жасыл» технологиялар мен идеяларға баса назар аударылды. Елімізде климаттық аймақтардың кең ауқымы бар. Мәселен, Қазақстанның батыс бөлігінде тас карьерлері жоқ. Бұл жолдарды жөндеу мен олардың құрылысын қиындатады. Сондықтан зерттеушілердің тың идеялары өте маңызды», – деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті А.Әлібаева.
Әділ қазылар алқасының шешімімен 1 орын т.ғ.д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ж.Әбішев атындағы химия-металлургия институты зертханасының меңгерушісі А.Ақбердинге және PhD докторы Р.Сұлтанғазиевке берілді. Олар жол құрылысы үшін ыдырайтын экологиялық қауіпті металлургиялық қождарды қиыршық тасқа өңдеудің әзірленген технологиясын ұсынды. Бұл әзірлеме Қазақстанның экологиясын жақсарту, сондай-ақ металлургия өндірістерінің зиянды қалдықтары артық болатын елдің батыс өңірлерінде жолдар салу үшін аса өзекті болып табылады.
2 орынды т.ғ.д., Қазақ автомобиль-жол институтының профессоры А.Қиялбаевтың «Республикалық маңызы бар автожолдарды қар басуын ескере отырып, Қазақстан аумағын аудандастыру картасын жетілдіру» жұмысы иеленді.
3 орында Д. Мулдашевтің «Серополимер және оның негізінде құрылыс-жол материалдарын өндіру» жобасы («Дала ЭКОС SP» ЖШС) тұрақтады.
Алқалы шараға саланың 70-тен астам мүдделі маманы, оның ішінде жол-құрылыс материалдарын жеткізуші және өндіруші компаниялардың, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы, «КАЖ Сервис», ААК және Piarc Дүниежүзілік автожолшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Марапаттау рәсімінен кейін нетворк-сессия өтіп, оның барысында кәсіпкерлер, сала мамандары мен ғалымдар жобаларды талқылады.
Ғылыми қоғамдастық пен автожолдар комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Өтембаев Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының конкурсты жыл сайынғы негізде жалғастыру туралы бастамасын қолдады.
Айта кетерлігі, іс-шара QazReagent ЖШС және «СпецТрейдТМ» отандық компанияларының қолдауымен өтті.
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Авиация персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды. Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз. Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15014048
Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының отырысында күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің қатарында екі елдің көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытудың нәтижелері мен перспективалары қаралды.
Бұл туралы жиын барысында еліміздің көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлім етті. Ол Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Еуропалық Одақпен қарқынды дамып келе жатқан сауда қатынастарына байланысты Финляндия мен Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту мен ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан Орта дәлізде негізгі байланыстырушы буын болып табылады және қазірдің өзінде шығыс-батыс бағытындағы маршруттарға балама ретінде өз әлеуетін көрсетті. Атап айтқанда, Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу бойынша көрсеткіштер 86 пайызға дейін өскен, олардың көлемі 2 есеге, яғни 2,8 млн тоннаға дейін ұлғайды. Транскаспий халықаралық көлік маршруты «жасыл» дәліз іспетті. Бүгінгі таңда жүктерді өткізу мерзімдерін 23 күннен 14-18 күнге дейін, оның ішінде Қазақстан бойынша бес күнге дейін қысқартуға қол жеткізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүктерді тасымалдау көлемінің 65%-ға артқаны байқалады», – деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ ол өз баяндамасында тікелей Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы жүк тасымалының әлеуетін атап өтті. Мәселен, 2023 жылы теміржол көлігімен 2022 жылмен салыстырғанда 25%-ға (4,3 млн тонна), ал автомобиль көлігімен 14%-ға (7,3 млн тонна) тасымалданған. Қытай-Финляндия-Қытай бағыты бойынша контейнерлік жүк тасымалдарын дамыту мақсатында «KTZ Express» АҚ Nurminen Logistics Services Oy фин логистикалық операторымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Аталған құжаттың шеңберінде жүк тасымалдарын дамыту, сондай-ақ Қытайдан Финляндияға және Қазақстан аумағы арқылы Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша бірлескен контейнерлік сервистерді іске қосу жоспарланып отыр.
«2022 жылы Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Финляндия - Қытай бағыты бойынша түрлі құрама жүктермен 2204 ЖФЭ тасымалданды. 2023 жылы халықаралық маршруты бойынша Еуропаның түрлі елдерінен Қазақстанға Қара теңіз арқылы импорттық тасымалдар жүзеге асырылды. 2023 жылы халықаралық көлік маршруты бағыты бойынша құрама жүкпен 506 ЖФЭ тасымалданды», – деді ҚР Көлік министрлігінің өкілі.
Сонымен бірге фин тарапына көлік және логистика саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Көпшілік назарына
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.
Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ:
Көпшілік назарына
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.
Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ:
Көпшілік назарына
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Кемеге атау беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 53-I бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.
Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15009543
Азаматтық авиация академиясында азаматтық авиация саласындағы кәсіби біліктілік мәселелері бойынша Салалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ және азаматтық авиацияның басқа да ұйымдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында салалық кеңес жаңа салалық біліктілік шеңберінің жобасын қарастырдыжәне мақұлдады.
Салалық біліктілік шеңбері кәсіптік стандарттарды әзірлеудің іргелі құжаты болып табылады, ол өз кезегінде көлік (азаматтық авиация) саласындағы білім беру бағдарламаларының негізін құрауы және сала қызметкерлерінің құзыреттілігін бағалаудың әділ жүйесін құруы тиіс.
7 сәуір сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 5 өңірінде халықаралық және республикалық маңызы бар 9 автожолда жалпы ұзындығы 2855 км. жол бөлігін су басу фактілерітіркелді.
Оның ішінде:
- Ақмола облысында 4 сәуірде «Макинск-Ақсу-Торғай» автожолын су шайып кетті (ұзындығы 40-50 м, биіктігі 5-8 см);
- Атырау облысында «Доссор-Құлсары-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» (101-103 км (ені - 1000 м, биіктігі 25-30 см) және (119-120 км, ені 500, бқозғалыс25-30 см);
- Қостанай облысында «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолдары (0-9 км, ені100 м, биіктігі40 см), «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 253-254 км, «Мамлютка-Қостанай» 294 км, «Қостанай-Жақсы» - «Қарабұтак-Қостанай» 4 км, Қостанай қаласының қасында;
- Павлодар облысында «Атамекен-Ертіс-Русская поляна-РФ шекарасы» а/ж 226-227 км;
- Солтүстік Қазақстан облысында «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 34 км.
Аталған учаскелерде көлік кептелісі тіркелмеген. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 297 бірлік техника және 385 адам жұмылдырылған.
Қазақстандық әуежайларда су тасқыныбойынша жағдай тұрақты. Әуежайларда су тасқыны қаупі жоқ. Астана мен Семей халықаралық әуежайларында тәулік бойы кезекшілік, әуеайлақ қоршауының артындағы аумақты аралау және тексеру жұмыстарыұйымдастырылды.
Республикалық теміржолдарда тасқын суларды жасанды құрылыстар (көпірлер, құбырлар, таулы және су бұру арықтары) арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.
Магистральдық теміржол бойында тасқын сулардың жиналуы Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының шекараларында байқалады. Осыған байланысты айналма жолдарды ұйымдастыру және су тасқыны жағдайын бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді.
Теміржолдары су шайып кету қаупі жоқ, барлық қауіпті жерде бақылау жұмыстарыжүргізілуде.
Атырау облысы бойынша адамдарды эвакуациялауға қатысты.
Құлсары қаласынан адамдарды эвакуациялау үшін Құлсары-Атырау станциялары арасында 5 вагоннан тұратын қосымша жолаушылар пойызы ұйымдастырылды.
Бірінші рейс 4 сәуірде 49 еріктінің сүйемелдеуімен Атырау станциясынан 21.53-те жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін жіберілді. Ал 22.55-те Құлсары станциясынан 385 жолаушы, оның ішінде 99 бала эвакуацияланды. 5,6және 7 сәуірде тағы 3 рейс жасақталды, нәтижесінде 3 мыңға жуық жолаушы тасымалданды.
Осылайша 65 елден жиналған өкілдер ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалануды реттеу жөніндегі бастамаларды талқылайтын болады
13-17 мамырда Қазақстанда пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі авиациялық өкіметтердің біріккен комитетінің пленарлық отырысы ұйымдастырылады (Unmanned Systems – JARUS ББ Rulemaking үшін Joint Authorities).
65 елден жиналған ұйым мүшелерінің, халықаралық ұйымдардың және Орталық Азия республикалары өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шара пилотсыз авиация саласындағы үйлестірілген ережелерді ілгерілету мәселелеріне арналады.
Қатысушылар 4 жұмыс тобымен бірлесе ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалануды реттеу үшін лицензиялау және пайдалану, ұшуға жарамдылық, тәуекелдерді басқару, автономды операцияларды реттеу сияқты бағыттар бойынша нормативтерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды талқылайды.
Бірлескен комитет пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалануды реттеу бойынша ұсыныстар әзірлейтін күллі әлем бойынша ұлттық авиациялық билік органдарының сарапшылар тобынан тұрады. 2023 жылдың шілдесінде Қазақстан осы ұйымның 66-шы мүшесі атанды. Қазіргі уақытта республика Азия/Австралия аймағындағы JARUS вице-төрағасы болыптабылады. Өз кезегінде JARUS ұшқышсыз авиацияны реттеу және өзекті мәселелерді шешу саласындағы білім және озық тәжірибемен алмасу алаңы болып саналады.
Алматыда Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан авиациялық биліктерінің тұрақты өкілдерінің, сондай-ақ Молдова өкілінің бақылаушы ретінде қатысуымен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының екінші отырысы өтіп жатыр
Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобы 2022 жылы құрылған. Аталған топтың жұмысы ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық жоспарының негізгі басымдықтарына қол жеткізуге және ИКАО стандарттары мен ұсынылған тәжірибесін сапалы енгізуге бағытталған.
Отырыс шеңберінде Үйлестіру тобына қатысушы елдердің ИКАО авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі аудитке дайындық, авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша заңнаманы үйлестіру мәселелері қаралатын болады. Бұдан басқа көрші елдердің авиациялық билігі азаматтық әуе кемелерінің және әуежайларды пайдаланушылардың қауіпсіздік мәдениетін енгізу процестері мен бағалау іс-шараларының тәжірбиесін зерделейтін болады.
Сондай-ақ қатысушылардың назарына қазақстандық тараптың Еуразиялық азаматтық авиация конференциясын (EurAsian Civil Aviation Conference) құру туралы бастамасы ұсынылды. Үйлестіру тобының жұмысы қатысушы елдердің авиациялық әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және ИКАО авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің Жаһандық жоспарын іске асыру шеңберінде азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау жүйесін жақсартуға ықпал ететін тағы бір қадам болып табылады.