Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567 рейске дейін жетті
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыт бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыстарды жалғастыруда.
Осылайша, Uzbekistan Airways әуе компаниясы 1 маусымнан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағында орындалады.
Қолға алынған бұл шаралар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Жалпы Қазақстаннан 28 елге 121 бағыт бойынша ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Магистральдық темiр жол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.
Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ:
Көлік министрі Марат Қарабаев Өзбекстан Республикасының көлік саласына жауапты министрі Илхом Махкамовпен кездесті
Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және әріптестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, көлік инфрақұрылымын салу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру екі ел арасындағы жүк өткізу қабілетін тағы 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.
Автотасымалдар саласындағы ынтымақтастық туралы айта келе, елдер арасындағы автотасымалдар Үкіметаралық келісім негізінде жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.
«Өткен жылы автокөлікпен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 6 пайызға ұлғайып, 1,8 млн тоннаны құрады. Жалпы автотасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың оң серпіні байқалады", — деп атап өтті Марат Қарабаев.
Азаматтық авиация көлік-логистикалық хабтың негізгі қозғаушы күші. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан қалалары арасында аптасына 37 рейс орындалады. Өткен жылы Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдары арасында келіссөздер өткен болатын. Келіссөздер барысында тараптар рейстер санын одан әрі ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылап, рұқсат етілген рейстер санын Астана – Ташкент бағыттары бойынша аптасына 12 рейстен 36 рейске дейін, Алматы-Ташкент бағыттары бойынша аптасына 20 рейстен 36 рейске дейін, ал қалған маршруттарда аптасына 4 рейске дейін ұлғайтуға уағдаласты.
«Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржолының құрылысына келетін болсақ, қазақстандық тарап Өзбекстанның бұл бастамасын қолдайды.
«Жобаны іске асыру Орталық Азия елдері үшін өңірлік қатынас пен сауданы дамытуға ықпал ететініне сенімдімін, өйткені Оңтүстік Азия өңірінің ірі теңіз порттарына қолжетімділік ашылады»,-деді ведомство басшысы.
Тұтастай алғанда екі ел арасындағы жүктерді автокөлікпен тасымалдау және транзиттеу үкіметаралық келісімге сәйкес рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024-2025 жылдар аралығында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік және логистика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды.
Кездесуді қорытындылай келе, тараптар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жол құрылысы маусымы аясында министр Марат Қарабаев бастаған көлік министрлігінің өкілдері ел өңірлеріне тұрақты түрде жұмыс сапарын жүргізуде. Сала министрі жұмыс сапарымен Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласына барды. Сапар барысында министр бірқатар инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысты.
Мемлекет басшысының былтыр қазан айындағы Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмасына сәйкес бұл учаскедегі жұмыстар аса маңыздылыққа ие. Марат Қарабаев республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" күре жолының "Қызылорда-Сексеуіл" учаскесінде қолға алынған жұмыстарды тексерді. Қызылордадан Сексеуілге дейін қайта құру жұмыстарымен 463 шақырым жол қамтылады.
Сонымен қатар Шақпақ баба асуы арқылы өтетін елміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды.
"Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін туннельдің құрылысын аяқтап, халыққа пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бетон және асфальтбетон жұмыстары толығымен аяқталды, сондай-ақ жарықтандыру орнатылды. Қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Басты жұмыстар аяқталды", - деп атап өтті автомобиль жолдары комитетінің өкілдері.
Ашылғалы жатқан туннель көлік жүргізушілеріне қыста Шақпақ баба асуында боранды күндері қар құрсауында қалып кетпеуіне жол ашады.
Адамзаттың нәзік жанды өкілдері гендерлік стереотиптерді тағы да жоққа шығаруда. Тек қыздардан құралған экипаж Тараз аэродромындағы Азаматтық авиация академиясында ұшу тәжірибесі тарихындағы алғашқы рейсін жасады.
Тарихи экипаж құрамында нұсқаушы ұшқыш Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина болған. Нәзік жандылар Tecnam 2002JF бір қозғалтқышты оқу-жаттығу ұшағында аспанға көтерілді.
«Сезім негізінен кез келген басқа ұшу кезіндегідей. Мен үшін бұл өзінен-өзі түсінікті жағдай. Оқу кезінде менің де екі әйел нұсқаушы болған еді. Осыған қарамастан, академияның алғашқы әйел экипажы болғандықтан, өзімді мақтан тұтамын. Сонымен қатар, осы тарихи оқиға тек 2024 жылы болғаны өкінішті», -- деп бөліседі Аделина.
Қазіргі уақытта жас нұсқаушыға екі студент тіркелген. Бикеш оларға ұшу тәжірибесі бойы аспанды қалай бағындыруды үйретпек.
Айта кетейік, Аделина Луценко бұған дейін Испанияда Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификаттауынан өткен болатын. Ол халықаралық дәрежедегі нұсқаушы ұшқыш болып саналады.
*Азаматтық авиация академиясында ұшқыштан бөлек тағы 11 мамандық бойынша оқу жүргізілуде.
Көлік министрі Марат Қарабаев ел өңірлеріне жұмыс сапары аясында Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылыс барысымен танысты. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі аяқталғаннан кейін жаңа терминалдар халық игілігіне пайдалануға беріледі.
Жаңа жолаушылар терминалдары жеке инвестициялар есебінен салынып жатыр.
Мәселен, Шымкент қаласы әуежайы жаңа терминалының қызмет көрсету аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Ал өткізу қабілеті жылына 800 мыңнан 6 миллион жолаушыға дейін ұлғаймақ. Мұнда багажды тіркеу мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесі, телескопиялық траптар және т.б. қызмет түрлері қарастырылған.
Қызылорда әуежайы жаңа терминалының жалпы ауданы 7,5 мың шаршы метрді құрайды. Терминал қолданысқа тапсырылған соң өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 2 миллион жолаушыға дейін артады. Жаңа жолаушылар терминалы сапа мен қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес. Бұл халықаралық рейстердің ашылуына ықпал етпек.
Сонымен қатар, ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Шымкент қаласындағы индустриялық аймақ аумағында орналасқан сауда-логистикалық орталығына барды. Бұл нысан “А+” классындағы кез-келген жүкті сақтауға мүмкіндік беретін заманауи қойма.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.
Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15041857
Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билігіарасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қазақстандық делегацияны ҚазақстанРеспубликасы Көлік министрлігінің Азаматтықавиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Мысыр тарапын Мысыр авиация министрлігіАвиациялық әкімшілігінің әуе көлігі жөніндегіМемлекеттік хатшысының орынбасары ХешамАбдель Басет мырза басқарды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптарелдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпысанын аптасына 14-тен 48-ге дейін, сондай-ақ әрбіртарап үшін рұқсат етілген тармақтарды 2-ден 3-ке дейін ұлғайтуға уағдаласты.
Сондай-ақ, тағайындалғантасымалдаушылардың саны артты. Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы "Air Astana" және "SCAT" тасымалдаушыларына "Fly Aystan" әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақтырейстерді орындауға тағайындады. Мысыр тарапыөз кезегінде қолданыстағы "EgyptAir", "EgyprAirCargo" және "Air Cairo" тасымалдаушыларына "RedSea" және "Nile Air" тағайындады.
Сонымен бірге, қол жеткізілген келісімдербойынша екі елдің әуе компаниялары өзаракоммерциялық келісімдер жасай алады.
Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде екітараптың тағайындалған әуе компаниялары рейстерсанын ұлғайтуды және елдер арасындағы ұшугеографиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Астана қаласында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату бойынша жұмыстар аяқталды
Бұл Қарағандыдан, Қорғалжын, Қарқаралы, Алаш, Тілендиев және Қосшы тас жолдарынан Астана қаласына кіреберіс жерлер. Қазіргі уақытта аталған өлшеу станциялары талап етілетін техникалық және метрологиялық нормаларға сәйкестігіне тексеріліп жатыр. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін қалаға кіретін барлық жүк көлігі адамның қатысуынсыз автоматты түрде өлшенетін болады.
Айта кетерлігі, 2022 жылғы желтоқсанда автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату және жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Заң қабылданды. Жергілікті жолдарда станцияларды орналастыру жергілікті атқарушы органдарға, ал республикалық жолдарда «ҚазАвтоЖол» АҚ-ға жүктелген.
Заң жүк көтергіштігі 12 тоннадан асатын автомобильдерді өлшеу станциялары арқылы өтуге міндеттейді, ал айналма жол арқылы жүріп өту немесе өлшеуден бас тарту сәйкесінше тіркеліп отырады. Бұл ретте Заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Өлшеу жұмыстары көлік құралдарының қозғалысы кезінде жүзеге асырылады.
Бұзушылықтарды тіркеу және айыппұл салу «Сергектің» көмегімен автоматты түрде ресімделетін болады.
Тасымалдаушыларды ұялы айыппұлдар туралы телефон арқылы жедел хабардар ету мақсатында Көлік министрлігінің ақпараттық жүйесін ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің жүйесін интеграциялау арқылы көлік саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізу процесін автоматтандыруды іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Министрлік аталған шараларды жүзеге асыру арқылы автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын бұзылуы мен тозуын болдырмау, ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының қозғалысын сапалы бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мәселелерін шешуге ниетті.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.
Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15039816