ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.
Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1316 метрді құрайтын екі жолақты көпір арнайы сынақтан өтті. Бұл — Қазақстандағы ең ұзын көпір.
Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл (вибрация) және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.
Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.
Екі жолақты көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде, әуежайларда, азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, қызметі көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.
Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.
Толығырақ:
Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту және халықаралық ұшулар санын ұлғайту тапсырмасы аясында Орал қаласының әуежайында "ашық аспан" режимі енгізілді. Тиісті құжатқа Көлік министрі Марат Қарабаев қол қойды.
Демек қазіргі таңда еліміздің 15 әуежайы «ашық аспан» тәртібіне сәйкес жұмыс атқарады. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қараганды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавлов, Семей, Түркістан, Қостанай и Орал қалаларының әуежайлары бар.
"Ашық аспан" тәртібін енгізу жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді.
5-ші әуе еркіндігі бар ұшулар шетелдік әуе компаниялардың Қазақстан қалалары арқылы үшінші елдердің қалаларына ұшуын білдіреді.
Сонымен қатар, Орал қаласы тұрғындарының өтініші бойынша авиарейстерді орындау кестесі түнгі уақыттан күндізгі және кешкі уақытқа қайта жоспарланды. Қала тұрғындарының өтініші назардан тыс қалған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Орал қаласы әуежайында 5 ішкі (Астана, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтау) және 1 халықаралық бағыттағы (Франкфурт) рейстер қарастырылған. Бір аптада 32 рейс орындалады.
ҚР Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында
- «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.
Аталмыш Бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.
Анонс Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.
Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Австриядағы елшілігінің өкілдері Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Австрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев теңіз инфрақұрылымын дамытудың және TХКМ (Транскаспий халықаралық көлік маршруты) әлеуетін одан әрі арттырудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Транскаспий маршруты Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі транзиттік дәліздердің бірі болып табылады. Соңғы екі жылда жүк тасымалдау көлемі екі есеге өсті.
Атап айтқанда, Қытайдың контейнерлік тасымалының транзиті қарқынды өсуде. Ағымдағы жылдың 9 айында шамамен 23,5 мың жиырма футтық эквиваленттер тасымалданды, бұл өткен жылдың көлемінен 20 есе көп. ТХКМ бағыты бойынша айына шамамен 40 контейнерлік пойыздар жүреді. Бұл темір жолдардың, теңіз порттарының және сауда флотының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды.
Қазір Қытайдың басқа жүк өндіруші провинциялары, атап айтқанда, Чунцин, Иу, Санпинь, Нанкин, Цзинхэ, Дунзячжэнь TХКМ-на қызығушылық танытуда. Болашақта контейнерлік тасымал көлемі жылына 3 мың контейнерлік пойызға дейін ұлғайтылады.
Сонымен қатар халықаралық автотасымалдаушылар ТХКМ бағытында жүйелі түрде қайта бағдарлануда. Биыл Қытаймен үкіметаралық келісімге қол қойылып, визасыз режим енгізілгеннен кейін қытайлық тасымалдаушылар да бұл бағытты дамыта бастады. Шілде айынан бері TХКМ арқылы Қытайдың 2300-ден астам көлігі өткен.
Отырыс қорытындысы бойынша Құрық портының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жұмысты жандандыру, жыл соңына дейін Құрық портында тереңдету жұмыстарын аяқтауды қамтамасыз ету және заманауи жол бойындағы сервисті құру арқылы жүргізушілердің Құрық портында болу жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.
Ақтау портында биыл контейнерлік хаб құрылысы басталды, алғашқы іске қосу кешені келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Қайта тиеу техникасы кезең-кезеңімен жаңартылуда, биыл жүк көтергіштігі 64 тонна порталдық кран сатып алынды. Министр Ақтау портының акваториясын тереңдету бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеуді жеделдетуді және әкімдікпен бірлесіп порт қуаттарын дамыту үшін жер учаскелерін бөлуді пысықтауды тапсырды.
Сауда флотын дамыту мақсатында Қазақстанда кеме жасау қуаттарын құру жоспарлары талқыланды. Орта мерзімді перспективада отандық сауда флоты 7 жаңа сауда кемесімен толықтырылады.
Жалпы алғанда, көлік инфрақұрылымын синхронды дамыту TХКМ бағытының серпінді дамуының және динамикалық өсіп келе жатқан жүк тасымалының тасымалдануын қамтамасыз етудің кілті болып табылады